Телефон доверия
+7 (718)2 60-84-45
Адрес: Павлов көшесі 82/1 тел.608492, 608445
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТІЛ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТІЛ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

          Таңертегілік жаттығудың пайдасы туралы баршамыз білеміз: балақай бірнеше қарапайым жаттығу жасаса – күні бойы сергек, әрі көңілді жүреді. Бірақ тіл дамыту жаттығуының пайдасы туралы білетіндер аз. Айтпақшы, дәл осындай «ауызған арналған жаттығу» дауыс ырғағын, сөйлеу мәнерлілігін және тіпті тіл табыса білу қабілетін жақсы машықтандырады! Әрі ол қарапайым және көңілді, себебі, әр жаттығу қызықты ойын сияқты. Сабын көпіршіктерін шығару немесе стақан ішіндегі түтікше арқылы «бүлкілдеу» бала үшін тіс тазалау сияқты пайдалы екенін кім білген? Тыныс алу жаттығулары тіл дамуына септігін тигізеді, дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастырады, сонымен қатар, бала ағзасын керемет нығайтады.

        Тыныс алу жаттығуларын жасау барысында баланың ерніне жіті көңіл бөліңіз. Ерін түзу түтікше түрінде жиырылуы тиіс, қос ұрт бірқалыпты томпиюы және орнына келуі тиіс. Дем алу мен дем шығару үдерісін қол және аяқ қимылымен үйлестірген өте пайдалы. Көбінесе балалар іркіліп, ауық-ауық тыныс алады, оларға терең дем алу, дем алу мен дем шығаруды мұрын және ауыз арқылы кезектестіру қиынға соғады. Бұл дұрыс және мәнерлеп сөйлеуге кедергі келтіреді. Ол олқылықты сөйлеу кезінде тыныс алу жаттығулары түзете алады:
     Балаға ертегі, тақпақ айтып бергенде, мысалы, әңгіме жел туралы болса, баланы үрлеуге үйретіңіз, бетіне үрлеңіз; уақыт өте келе ол сізге еліктей бастайды. Кейін сіз оның үрлеуін өтініп ойнауға болады: балаға кішкентай селдір мақта шөкімін беріңіз, бұл қар, жел соққанда ол ұшады деп түсіндіріңіз, үрлегенде ауызбен, ерінді домалақтап, бірқалыпты үрлеп, демді ішке мұрынмен тарту керек

      Қағаздан көбелек немесе ұшақ жасаңыз, оған жіп байлап, балаға оларға үрлесе, ұшатынын көрсетіңіз. Үрлегенде дем шығару барынша ұзағырақ бола түсуіне қол жеткізу қажет. Ағаш жасаңыз: қағаздан бірнеше жолақ қиып алып, таяқшаға немесе қарындашқа жапсырыңыз, «жел» ағаштың жапырақтарын тербелтеді. Мұндай жаттығулар қиялды да дамытады. Баламен бірге қағаздың қиындысын немесе балауыз жалын үрлеңіз. Дем шығару оқыс болмауы керек, өйткені, жалын сөніп қалуы мүмкін, сондықтан, бірқалыпты және жеңіл үрлеу керек. Қағаздан құстарды қиып алып, үстелдің ең шетіне қойыңыз. «Құстар ұшсын!» деп әмір беріңіз де, тек бір рет қана үрлеңіз. Құстар алысырақ ұшуы үшін шыққан дем мейлінше ұзақ болуы тиіс. Солған бақбақты жұлып алып, үлпектері ұшатындай етіп үрлеңіз. Бала ауаны жұтпай, сыртқа шығармай, қос ұртына жақсылап жинауын қадағалаңыз. Айналғыш немесе ойыншық диірмен жасаңыз (немесе сатып алыңыз), баланы қанаттарды айналдыратындай етіп үрлеуге үйретіңіз. Баланы ыстыққа үрлеуге, қолын демімен жылытуға үйретіңіз, мұрнымен дем алып, қолын аузына апарып, демін аузынан шығарсын.

Балаға ит ыстықтағанда қалай тыныс алатынын көрсетіңіз: тілін шығарып, ентігіп, тез. Балалар дем алу мен дем шығаруды, ауызбен және мұрынмен дем алуды және дем шығаруды шатастыруы мүмкін. Гүл иіскеуді үйретіңіз (әсірелетіп (арнайы) мұрынмен дем алу керек те, артынша «А» деген дыбыспен демді сыртқа шығару керек).

Сусын ішуге арналған түтікшені су құйылған стақанға салып, баланың алдына қойыңыз. Демді бір рет шығарғанда ұзағырақ «бүлкілдеуі» үшін түтікшенің ішіне қалай үрлеу керек екенін балаға көрсетіңіз. Өкпеге мейлінше көп ауа жинап, демді түтік арқылы шығару керек: «Бүл-бүл-бүл!»

Балаға сабын көпіршіктерін шығаруды үйретіңіз. Демді ішке мұрын арқылы тартып, түтікше етіп созылған ерін арқылы ұзақ, жұмсақ етіп шығару керек. Бұл жаттығуды аптасына кем дегенде 3-4 рет, 2-5 минут бойы, әр жаттығуды 2-3 рет қайталап жасау керек. Есіңізде болсын, ерте жаста бөбегіңізге әрбір 5-7 минут сайын қарекет түрін ауыстырып отыру қажет.

             Сәбилік кезінен бастап-ақ, бала қосынды дыбыстармен (міңгірлеу, былдырлау) сүйемелдей отырып, тілмен, ерінмен, жақпен көптеген сан-алуан артикуляциялық-мимикалық қимыл-қозғалыстар жасайды. Осы қимыл-қозғалыстар бала тілінің дамуындағы алғашқы кезең болып табылады. Олар табиғи өмірлік жағдайда тіл органдарын жаттықтыру рөлін атқарады. Осы қимылдардың нақтылығы, күштілігі және сан-алуандылығы бірте-бірте жетіледі. Балалар жақсы еліктейді, әрі еліктеуді ерте бастайды. Алғашқы айлардан бастап-ақ, баланы жөргекке орағанда немесе ойнатқанда ерінді түтікше түрінде созу, тілді шығару, ерінді сылп-сылп еткізу, пысқыру, сақылдау сияқты әрекеттер жасай бастауға болады.

Бастапқыда әртүрлі дыбыстарды айту, соның ішінде, тілдік емес: пысқыру, зіркілдеу, шиқылдау және т.с.с. өте маңызды (балалар мәз-мейрам болады). Дыбыстарды әсірелеп (арнайы баса): ауызды кең ашып, ерінді созып айтыңыз, бала, мәселен, «ку-ку» дегеннің «қо-қо» дегеннен қандай айырмашылығы бар екенін көрсін. Жалпы нағыз әртіс болыңыздар, қиялға беріліңіздер. Тіпті екі апталық нәрестеге серуенге шығарда киіндіріп жатып сиыр қалай мөңірейтінін, әтеш қарай шақыратынын, ит қалай үретінін айтып берсеңіз, дән-риза болады. Өзіңіз білетін барлық жануарларды атап шыққанша бала да киіндірулі. Осының барлығы - алғашқы артикуляциялық жаттығулар, әрі есту қабілетін де керемет дамытады. Бірақ жаттығуларды мәнерлеп, әртүрлі дауысқа салып жасау керек
           Уақыт өте келе балаға тілімен ойнауды және түтікшеге (сыбызғыға, ысқырыққа және т.б.) үрлеуді үйретіңіз. Бала біраз есейгенде сөйлеу аппаратын жаттықтыру үшін арнайы ойын-жаттығулар жасай бастаңыз (бір жарым жастан бастап). Жаттығу жасағанда қажетті сөздерді баламен бірге қайталаңыз. Са-са-са, ызыңдайды маса, Жу-жу – қане ыдыс жу, Бом-бом-ботақан, бері келші, қошақан, Лау-лау-лау, желбірейді жалау, Ра-ра-ра, жан-жағыңа қара, Ер-ер-ер, менің соңымнан ер, Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан.

           Бала алдымен тыңдап, артынша қайталауға тырысуы мүмкін. Дыбыстарды бірден таза айтуын талап етпеңіз: артикуляция аппараты бірте-бірте және дербес тәртіпте дамиды. Балаға қарама-қарсы отырып, келесі сөздерді айтқанда, сипатталған әрекеттерді жасаңыз. Бала алдымен көреді, сосын қайталауға тырысады. Тіл серуенге жиналды: (ауызыңызды ашыңыз). Ол жуынды, (тілдің ұшымен тез үстіңгі тістердің бетімен жүріп өтіңіз). Таранды, (үстіңгі және астыңғы тістер арасында тілмен жүріп өтіп, алға шығарып, қайта кіргізіп, тығып қойыңыз). Жан-жағына қарады, (тілмен ерніңізді жалап өтіңіз). Оңға, солға көз салды, (тілді аталған жаққа қарай бұрыңыз). Төмен құлады, жоғары өрмеледі, (тілді төмен түсіріп, жоғары көтеріңіз). Бір мезетте жоқ болды (тілді ауыздың ішіне тығыңыз).
           Ұмытпаңыз, бөбек сіздің әрекеттеріңізді айнадан көріп тұрғандай қабылдайды, сондықтан, «солға» дегенде, тілді оңға бұрыңыз және керісінше. Мәтінді үнтаспаға жазып қоюға болады, сонда сіз бұл жаттығуды балаңызбен бірге бар зейінмен орындайтын боласыз. Баланы көңіл-күйі жақсы болғанда ойнатыңыз. Бәрінен де жаттығуларды айнаның алдында тұрып жасаған дұрыс, дегенмен, оларды серуендегенде, түскі ас ішкенде (ерінді, табақты жалау, тілді мұрынға жеткізу және т.б.), емханада кезекте тұрғанда, автобуста, жалпы кез-келген жерде жасай аласыз. Ол үшін көп уақыт та, көп күш те керегі жоқ. Бала есейе түскен сайын жаттығулар да күрде