"Ата-аналарға арналған семинар"

Біздің балабақшада ата-аналарға «Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуда мнемотехниканы пайдалану» деген семинар өтті .Қазіргі заманда, балалардың тілдерін дамуына компьютер, ұялы телефондар көп әсер етеді. Балалардың бір-бірімен байланысты сөйлеу , диалог құруы төмендуде. Содықтан, тілдің дамуына ,әсіресе мектеп жасына дейінгі баланың тілінің дұрыс қалыптасуына ерекше мән берген жөн көремін.Семинар үш бөлікке бөлінді. Тәрбиешінің жылдар бойы өз жұмысына енгізген әдістері, тәрбиешінің өз қолдан жасаған жұмыстары және ата-аналармен өткізілген ойын-тапсырмалар. Ата-аналар осы семинардан көп ақпарат алды және өз пікірлерін айтты.