Телефон доверия
+7 (718)2 60-84-45
Адрес: Павлов көшесі 82/1 тел.608492, 608445
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Жағымды мультфильмдер және оларды қалай анықтауға болады.

Жағымды мультфильмдер және оларды қалай анықтауға болады.

Мына ережелерді ұстанған жөн:

-         Мультфильмді өзіңіз көріңіз.

-      Мультфильмді көрген кезде ондағы кейіпкерлерге назар аударыңыз.

-         Мультфильмдегі кейіпкерлер тым агрессивті емес пе?

-         Балаңызды шошытып жіберетін кездері бар ма?

-         Мультфильмнің уақыты тым ұзақ емес пе?

-        Мультфильмді көріп болған соң балаңыз қорытынды жасай алады ма?

-         Осыларға көбірек мән берген жөн.

2) Егер мультфильм сіздің көңіліңізден шығып оны жақсы және сапалы түсірілген деп ойласаңыз, оны балаңызға көрсетуге болады.

- Теледидарды көру уақытын шектеңіз

- Егер балаңыздың жасы үшке толмаған болса,онда теледидарды балаңызға көрсетпеген жөн

- Балаңызды ұйқыға жатқызғанша теледидарды қоспаған дұрыс.

- Мультфильмді таңдаған кезде, баланың жасына мән берген дұрыс.

Ата-аналарға арналған кеңестер:

Балаларға теледидарды көруге тыйым салынғанын түсіну үшін, мыналарды жасап көріңіз.

1.     Теледидарды қосыңыз.

2.     Әр телеарнаны 10 минуттай көріңіз

3.    Мультфильмдердің түрлері өте көп, оның ішінде жай көңіл көтеру үшін және тәрбиелік маңызы бар мультфильмдерде бар

Тәрбиелік маңызы бар мультфильмдер тізімі:

1. Балаңыз жуынып, тісін жуғысы келмесе – «Королева Зубная щетка»

2. Балаңыз ойыншықтарын жинамаса және өзі киінгісі, тамақтанғысы келмесе –мультфильм «Нехочуха»

3. Балаңыз қараңғыдан және иттерден қорықса- мультфильм «Ахи-страхи»

4. Балаңыз достасуды білмесе – «Мой друг зонтик»