Сенім телефоны
87054003418
email: sosh18@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Көмек біздің түлек
Көмек біздің түлек

Әбішев Қайрат Сансызбайұлы  «Дәнекер» ШҚ» ЖШС-нің директоры.

1986 жылдан бастап 1994 жылға дейін Павлодар қаласының № 18 орта мектебінде білім алған. 1994 жылы тамызда «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметтің талдауы» мамандығы бойынша Павлодар агроөнеркәсіптік техникумына  оқуға түсті. 1997 жылы оны қызыл дипломмен аяқтап, Қарағанды қаласындағы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің сырттай оқу бөліміне «Қаржы менеджменті» мамандығы бойынша (экономика факультеті) оқуға түстім, оны 2000 жылы тәмамдады.

Еңбек жолымды 1998 жылғы ақпанда Павлодар қаласы «Энергосбыт» ЖШС-нің материалдық қамтамасыз ету бөлімінде экономист қызметінен бастадым, онда 1999 жылғы қыркүйекке дейін жұмыс істедім.

1999 жылғы қыркүйектан бастап 2005 жылғы қарашаға дейін «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖАҚ-та материалдық қамтамасыз ету бөлімінде экономист болып жұмыс істеді.

2006 жылы мамырдан бастап коммерциялық жылжымайтын мүлікті салумен, сондай-ақ мейрамхана бизнесімен айналысты.

2010 жылы қарашадан бастап «Дәнекер» ШҚ» ЖШС-нің директоры.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі, еңбектегі жетістіктері мен ауыл шаруашылығы саласына қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» меделімен марапатталған.

Үйленген, төрт қыз тәрбиелеп отыр.

 «Мектебіме тағзым» акция аясында білім күніне орай бірінші сынып оқушыларына арнап жиһаз сыйлады. Ата-аналар мен оқушылар біздің түлекке жаңа жиһаз үшін алғысын  білдірді.