ҰБТ -2020 Жаңа формат. Психологиялық кеңес
Бүгінгі күні ҰБТ-ге 180 минуттай уақыт беріліп, әр пәнінен 25 сұрақ беріледі. ҰБТ-ді қайтадан тапсыруға рұқсат етілмейді. ҰБТ – бұл уақыты шектелген, ұпай арқылы саналатын стандартталған әдістеме болып табылады. Мұнда баланың жедел логикасы, есте сақтау және логиканың иілгіштілігі болуы шарт. Тест кезінде жауаптары екі мағына беретін, бір-біріне ұқсас келетін сұрақтар кездескен кезде, жас түлекте өзіне деген сенімсіздік пайда болып, қобалжу туып, ол жоғары деңгейге жетуі мүмкін: «Бір жағынан қараса мынау да дұрыс, мынау да дұрыс көрінеді» және түлекте «Мен мектепті аяқтай аламын ба?», «Жоғары оқу орнына түсе аламын ба?» деген уайымдау сезімдері пайда болуы мүмкін.