Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Оқушыларға арналған ақпарат

Бір ел – бір ктап акциясы - 2020

 

 «Біл ел – бір кітап» акциясының тарихы

      Жобаның идеясы АҚШ-та өте танымал болған. Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты – Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау.

       Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

 

«Бір ел – бір кітап» -  2019. Жыл кітабы – Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» атты романы, Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясы

 «Бір ел – бір кітап» -  2018. Жыл кітабы - Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» шығармасы, Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиясы

«Бір ел – бір кітап» -2017. Жыл кітабы -Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары

«Бір ел – бір кітап» -2016. Жыл кітабы – Дулат Бабатайұлының  «Өсиетнама» кітабы.

«Бір ел – бір кітап» - 2015. Жыл кітабы – І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы.

"Бір ел - бір кітап" - 2014. Жыл кітабы - С. Мұратбеков "Жусан исі" және "Басында Үшқараның..."

"Бір ел - бір кітап" - 2013. Жыл кітабы - Ф. Оңғарсынова "Дауа"

"Бір ел - бір кітап" - 2012. Жыл кітабы - О. Бөкей. О. Бөкей шығармалары

"Бір ел - бір кітап" - 2011. Жыл кітабы - Ж. Аймауытов "Ақбілек"

"Бір ел - бір кітап" - 2010. Жыл кітабы - Ж. Молдағалиев "Мен - қазақпын"

"Бір ел - бір кітап" - 2009. Жыл кітабы - М. Жұмабаев. М. Жұмабаевтың лирикасы

"Бір ел - бір кітап" - 2008. Жыл кітабы - М. Әуезов "Қилы заман"

"Бір ел - бір кітап" - 2007. Жыл кітабы - Абай "Қара сөздер"

 

 

 

 

 

"Бір ел – бір кітап" - 2020

                Жыл кітаптары: Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясы

                                                 Әнуар Әлімжанов «Ұстаздың оралуы»    

 

Құрметті оқырмандар!

Акция аясында өткізілетін іс-шараларға қатысып, кітап оқуға шақырамыз!

               

2019-2020 оқу жылында «Оқушы оқуға міндетті 100 кітап» жобасы жалғасады. Жыл бойы кітапханадан кітап алуға шақырамыз!

 

 

1-4 сыныптар

р/с

Әдебиеттердің атауы

Автор

Қысқаша мазмұны

1

Кел балалар, оқылық.Өлең, әңгімелер мен мақал-жұмбақтар

Ыбырай Алтынсарин 

 

Әңгіме, өлеңдері мен этнографиялық очерктері

2

Қалың елім, қазағым... Өлеңдер

Абай Құнанбаев

Лирикалық өлеңдері

3

Қорғансыздың күні. Әңгімелер, повестер

Мұхтар Әуезов  

«Жетім» , «Көксерек» әңгімелері

4

Қара сөздер

 Абай Құнанбаев  

 

5

Жау тылындағы бала. Повестер мен әңгімелер

Қасым Қайсенов

 

ҰОС кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған ерліктері

6

Балдәурен : өлеңдер, дастандар, жұмбақтар, жаңылтпаштар

 

Мұзафар Әлімбаев 

Балаларға арналған өлеңдер, дастандар, жұмбақтар, жаңылтпаштар

 

7

Жауқазын: өлеңдер жинағы

Мүбәрәк Жаманбалинов

 

Балаларға арналған өлеңдер

8

Сурет салғым келмейді: Повестер мен әңгімелер

 

Марат Қабанбай

Повесте қиын да, қиқар балалар мінезінің сыры ашылады. Повесть өте қызықты, құрылымы ширақ

9

Күміс кебеже. Қазақ ақындарының балаларға арналған өлеңдері

Құраст.О.Асқар

Балаларға арналған өлең-жырлар

10

Өлеңдер жинағы

Есентай Ерботин

Балаларға арналған өлеңдер

11

Білгеннің пайдасы : қазақ ақын-жазушыларының балаларға арналған шығармалары

Құраст.Е.Дүйсенбайұлы

Балаларға арналған өлеңдер мен ертегілер, әңгімелер

12

Ежелгі Қазақстан аңыздары. Энциклопедия

 

Аңыздар мен көне әңгімелер жинақталған

13

Қазыналы керуен. Қазақ жазушыларының балаларға арналған повесть, әңгімелері

Құраст.Оразақын Асқар

Қазақ балалар жазушыларының әңгіме, повестері енгізілген

14

Көк жейде. Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар

Ескен Елубаев

Бүлдіршіндерге арналған өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар

15

Өлеңдер, ертектер...

Қадыр Мырза әли

Балаларға арналған өлеңдер, ертектер мен жұмбақ, жаңылтпаштар

16

Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы, 1-кітап

Құраст. Шеген Ахметов

Тұрмыс-салт жырлары, жаңылтпаштар, жұмбақ, мақал-мәтелдер, ертегілер берілген

17

Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы, 2-кітап

Құраст. Шеген Ахметов

Балаларға арналған өлеңдер, шығармалар басылған

18

Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы, 3-кітап

Құраст. Шеген Ахметов

Балалар жазушыларының шығармалары

19

Қазақстан елімен сиқырлы саяхат. Волшебное путешествие по стране Казахстан

 

Бұл кітап балаларды еліміздің географиялық жағдайымен, Қазақстанның табиғи аймақтарымен, жануарлар әлемімен, жер қойнауының бай қорларымен, өзен-көлдерімен, тауларымен және атақты қорықтарымен, тарихи ескерткіштерімен, ірі қалаларымен, сондай-ақ республика халқының тұрмысымен және мәдениетімен таныстырады

20

Легенды Древнего Казахстана. Детская энциклопедия Казахстана

Жанайдаров О.

Легенды богатого устного народного творчества Великой степи

21

 Алдаркөсе. Қазақ ертегілері. Үш тілде

 

 Қазақ ертегілерінің кейіпкері Алдар көсенің адам бойындағы жағымсыз қылықтар: ақымақтық, сараңдық, жалқаулықты келеке қылып, әділдікке жетелеуі жайлы

22

Құстар – біздің досымыз

Раушанов Е.

Құстар жайлы тартымды хикаялқ әңгімелер

23

Жаттамақ: тақпақтар, өлеңдер

 

Балаларға арналған өлеңдер

24

Праша: өлеңдер, ертектер, жұмбақтар, жаңылтпаштар

Қастек Баянбай

Балаларға арналған өлеңдер, тақпақтар. жұмбақтар

25

Ең күшті адам

Ермек Өтетілеуов

Өлеңдер, ойындар, санамақтар, жұмбақтар, ертегілер, аңыздар

26

Жәнібек пен атасы

Сәкен Иманасов

Өлеңдер, жұмбақтар, әңгімелер, ертегілер

27

Бақ-бақ

Жақан Смақов

Өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар

28

Керек кітап

Өтепберген Ақыпбекұлы

Өлеңдер жинағы

29

 Сказки

Андерсен Х.К.

Сказки для детей

30

Приключения Незнайки

Н.Носов

Сказки

 5-9 сыныптар   

 

31

Менің атым Қожа: Повесттер

 

Бердібек Соқпақбаев

«Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» атты повестерінде ауыл өмірі, ауыл балаларының мінез-құлық, арман-мақсаты бейнеленген

32

Қазақ ертегілері

Құраст.Е.Дүйсенбайұлы

Кітапта халқымыздың ерте дәуірдегі тұрмыс-тіршілігінен және ой-арманынан туған ертегілер берілген

33

Жабайы алма. Повесть

 

Сайын  Мұратбеков  

Сонау сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақ пен бүгінгі балалар мен үлкендердің тұрмыс-тіршілігіндегі ұқсас жайттар жайлы қызықты шығарма

34

Батырлар жыры

 

Құраст.Е.Дүйсенбайұлы

«Балалар әдебиеті» сериясының бұл томына Қобыланды, Алпамыс, Ер тарғын, Қамбар батыр жайындағы қаһармандық дастандар енгізілген

35

Басында Ұшқараның...

 

Сайын Мұратбеков

Кітапта жазушының әңгімелері және екі хикаяты топтастырылған

36

Алтын орда

Ілияс Есенберлин

XIV-XV ғ.ғ.аралығындағы оқиғалар қамтылған

37

Қар қызы

Оралхан Бөкей 

Автор кез келген шығармасында Жақсылық пен Жамандықтың бітіспес күресі арқылы кейіпкерлердің ішкі жан әлеміне көбіре үңіліп, әлеуметтік-философиялық ойы салмақты бірегей образ жасайды.

38

Қамар сұлу. Романдар, поэмалар, өлеңдер

Сұлтанмахмұт Торайғыров 

 

Жинақта әр кезеңдегі баспа бетінде жарияланған шығармалары енгізілген

39

Бір атаның балалары

Мұхтар Мағауин 

Жетімдер тағдыры, бауырластық, сағыныш

40

Қаһар. Роман

Ілияс Есенберлин

«Көшпенділер»трилогиясының үшінші кітабы

41

Шындықпен бетпе- бет Жыр жинағы

Арман Қани

 

Өлеңдер төрт бөлімге топтастырылған

42

Аманат. Жыр жинағы

Мұқағали Мақатаев 

Жинаққа бұрын шыққан қос томдық пен үш томдықтарында жарияланбаған, кейіннен табылған аманат жырлары енгізілген

43

Құлагер

 

Ілияс Жансүгіров

Өлеңдер мен поэмалар

44

 Шапақ. Әңгімелер, ертегілер, хикаят

 

  Толыбаев К. 

Табиғат жайлы ертегілер, Қабанбай батыр туралы хикаят және әңгімелер

45

Өлеңдер жинағы

 

Жаяу Мұса Байжанов

Өлеңдер

46

 Ақбөпе

   И.Байзақов

Поэмалар мен өлеңдер,айтыстар енгізілген

47

Өлгендер қайтып келмейді

 

Бердібек Соқпақбаев 

 

48

Бақбақ басы толған күн

 

Марат Қабанбаев

Балалар өмірі туралы шығармалар

49

Балалық шаққа саяхат

Бердібек  Соқпақбаев

Кітапта жетім баланың жетілу жолы, мінез-құлқының қалыптасуы, арман-тілегі суреттелген.

 50

Дастандар, балладалар мен аңыздар

 

Қалижан Бекхожин

Жинақта ақынның дастан, балладалары енгізілген

 51

Мың мінездеме. Сықық әңгімелер мен пьесалар

Оспанхан Әубәкіров

Әзіл-сықықтар

52

Ежелгі Қазақстан. Әфсаналары. Энциклопедия

О.Жанайдаров

Кітапта Күлтегін, Тоныкөк, Майқы би, Бейбарыс сұлтан, Бәйдібек би, Абылай хан және т.б. туралы

53

Өлеңдер мен поэмалар

Сәрсенбаев Ә.

Лирикалық өлеңдер

54

Рауғаш ерте гүлдейді

Бейбіт Сарыбай 

Әңгімелер

55

Жаны ең таза қыз

Ажар Сыпабек

Әңгімелер

56

Қазақ олимпиадашылары

Құраст. Қыдырбек Рысбек

Тарихи-деректі басылым, спортшылар туралы

57

Қазақ хандығы. 1-бөлім Алтын Орда. Энциклопедия

 

IX-XII-ғасырлар арасындағы қоғамдық-саяси жағдай, тарихи тұлғалардың өмір жолдары

58

Қазақ хандығы. Энциклопедия

 

XV-XIX ғасырлар арасындағы қоғамдық-саяси жағдай, тарихи тұлғалардың өмір жолдары

59

 Жеңімпаздар. Победители. Павлодар облысы т.1

 

Басылымда майдан даласынан аман-есен келіп, бейбіт өмірде еңбек етіп, Павлодар аймағының өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан – павлодарлықтардың қысқаша өмірдеректерін қамтиды.

60

Батыр Науан

Қалижан Бекхожин

Өлеңдер мен дастандар

Ағылшын тілінде

61

Stage 1.R.Lanceny Green. Robin Hood (Робин Гуд)

 

 

 

62

2. Stage 3. Daniel Defoe. Robinson Crusoe (Робинзон Крузо)

 

 

 

63

Stage 4, Charles Dickens. Oliver Twist (Оливер Твист)

 

 

64

Stage 3. Mark Twain. Tom Sawyer (Том Сойердің басынан кешкендері)

 

 

 

65

5. Stage 1. Jonathan Swift. Gulliver,s Travels (Гулливердің саяхаты

 

 

66

Stage 1.Hans Christian Andersen.Andersen6s Fairry Tales (Андерсеннің ертегілері

Stage 1.Hans Christian Andersen.Andersen6s Fairry Tales (Андерсеннің ертегілері

Stage 1.Hans Christian Andersen.Andersen6s Fairry Tales (Андерсеннің ертегілері

Шетел әдебиеті. Аударма

67

«Том Сойердің басынан кешкендері

Марк Твен

 

68

Гекльберри Финнің басынан кешкендері

Марк Твен

 

69

Гулливердің саяхаттары

 

Свифт Джонатан

 

70

Он бес жасар капитан

 Жюль Верн

 

 

10-11 сыныптарға

71

 Ұшқан ұя 

Бауыржан Момышұлы 

 

«Ұшқан ұя» - автордың шырын балалық шағынан сыр шертетін шығарма.

72

Бір тойым бар

Төлеген Айбергенов 

Ақынның таңдамалы өлеңдері топтастырылған

73

Кербұғы. Әңгімелер мен повесть

 

Оралхан Бөкей 

 Жазушының өшпес жарық дүниелері, әсіресе кейінгі жас буынды  жалынды әсерге бөлейтін шығармалары

74

Ұлпан. Роман

Ғабит Мүсірепов 

Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа қарсы шығып, ел басқару дәрежесіне дейін көтерілген қазақ әйелінің тағдыры шынайы суреттелген

75

Тазының өлімі

Мұхтар Мағауин

Жинақ барша қауымға, кейінгі келген жас толқынға арналады

76

Ақбілек

 

Жүсіпбек Аймауытов 

Аласапыран жылдардағы қазақ ауылы өмірінің шындығы, адамдар тағдырындағы өзгерістер, ел тұрмысы, заман тынысы суреттеледі

 77

Абай жолы.  Роман-эпопея

Мұхтар Әуезов 

Тарихи трилогия

78

Көшпенділер. Тарихи трилогия

 

Ілияс  Есенберлин 

Шығарма эпикалық құлаш-қарымымен, оқиғалардың серпнділігімен, қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғалардың бейнесімен, тілінің шынайлығымен және айқындылығымен ерекшеленеді.

79

Қан мен тер

Әбдіжәміл Нұрпеисов

  ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылы, революциялық дәуірдің дүмпуі, сілкіне де бұлқына бастаған Арал өңірі, революция рухымен ояна бастаған, таптық күреске аттана бастаған қазақ халқы 

80

Алғашқы айлар

 

Мұқан  Иманжанов

Повесте ауылдағы мектеп өмірі, жастардың тыныс-тіршілігі, жасампаз еңбегі, адамгершілік ізгі қасиеттері шынайы суреттеледі.

81

Ақбөпе

Иса Байзақов

 

 Жинақта ақынның өлеңдері, поэмалары, айтыстары енгізілген

82

Ай мен Айша. Роман

 

Шерхан Мұртаза

Сонау сұрапыл соғыс жылдары майданның барлық  ауыртпалығын елде бастан кешкен ауыл адамдары, соның ішінде – «халық жауы» атанып, айдауда дүние кешкен отағасының аманаты – үш балапанын қалайда аман-есен  жетілдіруді мақсат еткен Айшаның отбасы бейнеленеді.

83

Өсиет

Қалмұқан Исабаев

 

 "Өсиет" атты кітап екі романнан тұрады. "Өрде" романында еліміздегі үлкен ендіріс орындарының бірінен саналатын Қарағанды қаласы еңбекшілерінің Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік істері баяндалады. Сол сияқты халықтар достығы, жаңадан өсіп келе жатқан интеллигенция өкілдерінің бейнесі шығармада жақсы көрінген.

84

Қоңыр күз еді. Әңгіме, повесть, роман

Ысқақ Қалихан

Жазушының бұл жинағына кезінде оқырман көңілінен орын алған шығармалары мен «Ақтоқым» атты балаларға арналған әңгімесі

85

Жан сөзі. Өлеңдер мен дастандар

 

Мағжан Жұмабаев

Әлем поэзиясының інжу-маржаны қатарынан орын алатын өлеңдері мен дастандары

86

Боран

Тахауи Ахтанов

 Романда кейіпкерлердің қилы замандағы қиын тағдыры тағдыры суреттелген

87

Жаяу Мұса. Роман

 Зейтін Ақышев

Жаяу Мұса Байжановтың өмірбаяны

88

Махаббат қызық мол жылдар

 

Ә.Нұршайықов

Ғашықтық, адал  сезім, достық  туралы

89

Шер. Романдар, хикаят

Әкім Тарази

 

Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың өмір жолы баяндалады

90

Қызыл қайың. Өлеңдер мен поэма

Жұбан Молдағалиев

Өлеңдері мен «Мен - қазақпын» поэмасы енгізілген

11

Өлеңдер жинағы

 

Аманжол Шамкенов

Өөлеңдері ұшқан ұя, өскен өлкеге, балалық шағының достарына арналған

 

92

Соғыстың соңғы жесірі. Әңгімелер

Шерхан Мұртаза

ҰОС жылдарындағы және одан кейінгі ауыл өмірі, адам тағдыры мен мінезінің қилы-қилы қалтарыстары, адамгершілік, достық, табиғатты қорғау жайлы

93

Елім-ай

Сматаев Софы

Қазақ халқының қайғылы кезеңі – «Ақтабан шұбырынды, алқакқөл сұлама» заманы суреттеледі

94

Қаһарлы күндер. Роман

Таһауи Ахтанов

ҰОС Москва түбіндегі үлкен айқас, даңқты генерал Панфиловтың сегізінші гвардия дивизиясының ерлігі, табандылығы көркем суреттеледі

95

Дарабоз. Тарихи роман-дилогия, 1-2 кітап

Қабдеш Жұмаділов

Романда  XVIII ғасырдағы Абылай ордасы мен оның ішкі-сыртқы саясаты берілген.

96

Мұстафа Шоқай. Роман

Әкім Тарази

Алашорда үкіметі жайлы. М.Шоқайдың өмірі мен орыс отаршылдығымен күресі

77

Қазақ айнасы

Шәкәрім

Өлеңдер мен поэмалар

88

Оян, қазақ!

Міржақып Дулат

Роман, өлең-жырлар, әңгімелер

99

Тар жол, тайғақ кешу

Сәкен Сейфуллин

Шығармада 1916-1919 жылдардың оқиғалары қамтылған

100

Балуан Шолақ

Сәбит Мұқанов

Әнші-сазгер, сері-саятшы Балуан Шолақтың өмір жолы берілген