Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мазасыздану дегеніміз не?
Мазасыздану дегеніміз не?

 

«Мазасыздану» сөзі сөздіктерде 1771 жылдан бастап тіркеліп келеді. Психологиялық сөздікте мазасыздануға келесі анықтама берілген: бұл «түрлі өмірлік жайттарда мазасыздықты жоғарлатылған деңгейде сезіну, соның ішінде оған бейімделмеген жеке психологиялық ерекшелік».


Қорқуды мазасыздықтан айыра білген жөн. Қорқу – мазасызданудың ауық-ауық көрінуі, баланың толқуы болса, мазасыздану тұрақты жағдай болып табылады. Мысалы, бала мейрам күндері орындау алдында немесе тақтаға шығып жауап бергенде толқи бастайды.  Бірақ бұл мазасыздану үнемі байқалмайды, кейде сол жағдайда ол сабырлы болуы мүмкін. Бұл - қорқудың көрінісі. Егер қорқу жағдайы жиі және түрлі жағдайларда қайталанса (тақтаға шығып жауап бергенде, таныс емес үлкен адамдармен сөйлескенде және т.б.), онда мазасыздану туралы сөйлесу керек. 

 

Мазасыздану қандай да бір жағдаймен байланысты болмайды және жиі көрінеді. Бұл жағдай қандай істе болсын ілесіп жүреді. Адам нақты бір нәрседен қорықса, біз қорқыныш туралы айтамыз. Мысалы, қараңғыдан қорқу, биіктіктен қорқу, бекітулі кеңістіктен қорқу. Бүгінгі күнге дейін әлі мазасызданудың туу себептерін анықтаған жоқ. Көп ғалымдар мектепке дейінгі және бастауыш сыныптағы мазасызданудың басты себебі – ата-ана мен бала арасындағы қарым қатынастың бұзылуында жатыр деп санайды.

 

«Оқушының эмоционалды тұрақтылығы» кітабының авторлары Б. И. Кочубей және    Е. В. Новикова мазасыздану төменде жазылғандар себеп бола алатын баланың ішкі шиекленісінде дамиды деп санайды:

 

1. Ата-аналар, ата-аналар мен мектептің (балабақшаның) ұсынған  талаптарына қарсы.Мысалы, ата-аналар бала өзін нашар сезінгендіктен мектепке жібермейді, ал мұғалім журналға  «екі» қойып, басқа балалардың алдында сабаққа келмегені үшін ұрысады.

 

2. Барабар емес талаптар(көбінесе аса көтерілген). Мысалы, ата-аналар баласына қайта-қайта үздік оқушы болуың керек деп айта береді, ұлы немесе қызы мектепте «бестен» басқа басқа баға алатынын және сыныптың үздік оқушысы еместігін мойындағысы және келіскісі келмейді.

 

3. Баланың абыройын түсіретін, тәуелді жағдайға қоятын негативті талаптар.Мысалы, тәрбиеші немесе мұғалім. «Егер менің жоқтығымда кім шулағанын айтсаң, мен сенің ата-анаңа төбелескен тәртібің туралы айтпаймын».
Психолог Е.Ю. Брель мұндай заңдылықты да шығарды: ата-аналар өздерінің жұмысымен, баспана мәселесімен, материалдық жағдаймен қанағаттанбаса, балалардың мазасыздануы артады. Мүмкін, осы себептерге байланысты қазіргі уақытта мазасызданған балалардың саны тапжылмай өсуде.

 

Отбасындағы ата-аналар тәрбиесінің өктемшіл стилі де баланың ішкі тыныштығына себепші болмайды.

 

Оқу мазасыздығы мектепке дейінгі уақытта қалыптаса бастайды деген пікір бар. Бұған тәрбиешінің жұмыс стилі, балаға деген жоғарлатылған талаптардың қойылуы, үнемі басқа балалармен салыстыруы мүмкіндік болады. Кейбір отбасыларда жыл бойы баланың қатысуында мектепке түсу туралы, «лайықты» мектепті, «перспективті» мұғалімді таңдау туралы әңгіме қозғайды.  Ата-аналардың мазасыздануы балаларға да беріледі.

 

Одан басқа, ата-аналар балаға сансыз мұғалімдерді жалдайды, олармен сағаттап тапсырма орындайды. Қанаты қатпаған, мұндай қарқынды оқуға әлі дайын емес баланың организмі бұған шыдай алмайды, бала ауыра бастайды, оқуға деген ынтасы жоғалады, ал    алдағы оқу жөнінде мазасыздануы жоғарлай бастайды.

 

Мазасыздану неврозбен немесе басқа психологиялық бұзылумен кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда медицина мамандарының көмегі қажет.

 

 

Мазасызданған баламен әңгімелесу бойынша ұсыныстар

 

  • Бәсекеден және жылдамдықты есептейтін қандай да бір жұмыс түрлерінен қашыңыз.
  • Баланы айналадағы адамдармен салыстырмаңыз.
  • Көбінесе дене байланысын,  релаксацияға жаттығу қолданыңыз.
  • Баланың өзі-өзі бағалауын жоғарлатыңыз, не үшін екенін білетіндей жиі мадақтаңыз.
  • Балаға назарын есімін айтып аудартыңыз.
  • Сенімді жүріс-тұрыс үлгілерін көрсетіңіз, барлық жағдайда балаға үлгі болыңыз.
  • Балаға жоғарлатылған талаптарды ұсынбаңыз.
  • Баланы тәрбиелеуде бірізді болыңыз.
  • Балаға шамаңыз келгенше аз ескерту жасаңыз.
  • Қажет жағдайда ғана жазалауды пайдаланыңыз.
  • Жазалау кезінде баланың абыройын түсірмеңіз.