Сенім телефоны
8 7182 556862
email: 43school@mail.ru
Мекенжайы: Лермонтов көш., 95
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда3015031
Бір айда287752
Бір аптада62256
Кеше12371
Тәулік1191
Жаңалықтар

 

Мұқаба тыстарына түсініктеме бергенге дейін автор жазушылық шеберлігімен ат беруіне мәжбүр болды.

Лоренс Питер

 

 

 

 

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

     Міржақып Дулатұлы. Бақытсыз Жамал [электронный ресурс]: Қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғып роман/ Міржақып Дулатұлы; Оқығандар: Б. Есеналиев, С. Тұрдахунова; Композитор: Ә. Мамбетов. – © «Мектеп» баспасы» ЖШС, 2009; © Безендірілуі «Inter Cinema-TV Servise» ЖШС, 2009. – Аудиокітап MP3 (CD-ROM); Жалпы ұзақтығы 1 сағат 48 минут.

Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы – «Қазақ әдебиеті» бағдарламасы бойынша шығарылатын «Аудиокітаптар» сериясының алғашқысы.

«Бақытсыз Жамал» - қазақ тілінде жазылған ьірінші роман. Негізгі тақырыбы – ұлтық бостандықтың бір тармағы – әйел теңдігі.

Романның мақсаты «халықты түзетпек» екенін автор айта келіп, қалыңмал мен әмеңгерлік құрбаны болған қазақ әйелдерінің аянышты халіне өз қарсылығын білдіріп, шығарманың соларға пайдасы тиер деген үміті бар екенін жасырмайды. Романда қазақ қызының тағдыры мейлінше реалистік тұрғыда суреттелген. «Бақытсыз Жамал» кезінде қазақ арасында кеңінен тарап, жұртшылық тарапынан жоғары бағасын алды.

Осы роман жарық көргеннен кейін «Бақытсыз Жамалға» еліктеп талай романдар жазылды. Кезінде авторымен бірге жазаланып, әдеби айналымнан шығып калған «Бақытсыз Жамал» елеміз тәуелсіздік алғаннан кейін, М. Дулатұлының шығармашылық мұрасы ретінде әдебиет тарихы қатарына қайта қосылды.

Романда кездесетін араб, парасы сөздеріне түсіндірме сөздік қоса беріліп отыр.

Роман мектеп оқушылары мен жалпы тыңдарман қауымға арналған.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Мұхтар Мағауин. Бір атаның балалары [электронный ресурс]: Повесть/ Мұхтар Мағауин; Оқыған: М. Абзелбаев. – © «Мектеп» баспасы» ЖШС, 2009; © Безендірілуі «Inter Cinema-TV Servise» ЖШС, 2009. – Аудиокітап MP3 (CD-ROM); Жалпы ұзақтығы 3 сағат 15 минут.

Көрнекті жазушы Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінде соғыс кезіндегі бір ауылдың басынан өткен ауыр тұрмысы, қыршын кеткен ерлердің ата-аналарының, ұлты әр басқа жетім қалған балалардың тағдыры, олардың жан толқыныстары шынайы суреттеледі.

Шығарманың негізгі идеясы соғыс қасіретін көрген осы балалардың басқа отбасында тәрбиеленіп, бір атаның балаларындай өсіп-өнуі арқылы түйінделеді.

Повестегі әрбір тармақ әр баланың тағдырынан сыр шертеді.