Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Горецкая Галина Михайловна
Горецкая Галина Михайловна

Еңбекқорлық, білуге құмарлық, қайсарлық, іскерлік сипатына сай және ең бастысы – өз мамандығын сүйетін, жұмысына жауапкершілікпен қарайтын тәжірибелі мұғалімдер біздің мектепте аз емес.

Сондай мұғалімдердің бірі біздің №43 ЖОМ-да жұмыс істейді, ол – Горецкая Галина Михайловна. Оның педагогикалық өтілі – 41 жыл, біздің мектепте – 26 жыл істеп келеді.

Ол өте мейірімді, сондықтан да оқушылар одан көмек, не болмаса кеңес сұрауға қорықпайды, өз ісін ұнатады және өзін тұтастай жұмысқа арнайды. Өз махаббатын әрдайым оқушылармен бөлісуге тырысады. Оның сабақтары әрқашан қызықты және танымды. Бұл балалардың пәндерге деген қарым-қатынасынан байқауға болады. Педагог оқушыларға деген махаббатын көрсетеді, әрқайсысымен дара тіл табысады.

Галина Михайловна сыныпта түрлі қызықты іс-шаралар өткізіп, балалар өмірін қызықты, мазмұнды етеді. Ол көп жылдан бері өз оқушыларымен және түлектерімен театр студиясын жүргізіп, қалалық сайыстарға қатысады. Оның тәрбиеленушілері бірнеше рет «Балауса» сайысында лауреат атанды.Ол оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттерін дамытады: олардың көбі өлең жазады және облыстық газеттерге басып шығарады, оқырмандар сайысына қатысады. Өз орындауларымен балабақшаларға, «Самал» оңалту орталықтарына барады.

Әріптестерінің жанында – нағыз дос, ақылды, мейірімді және ақылгөй жетекші. Өз жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, қиын сәттерде қол ұшын беруге дайын.   Әрқашан ақжарқын, жайдары, жұмыста тынымсыз және талмайтын, оқушылардың, ата-аналардың, ұжымның мейіріміне бөленген ұстаз.

         Мектеп ұжымы Галина Михайловнаны 58 жылдығымен және зейнеткерлікке шығуымен құттықтайды, бірақ өз кәсіби жолын әлі де жалғастыратынына сенеді.

%d0%b2-16-%d1%88%d0%ba%d0%be%d0%bb%d0%b5-20

%d0%b2-16-%d1%88%d0%ba%d0%be%d0%bb%d0%b5-45

 

Горецкая Галина Михайловна – өз ісіне асқан шығармашылықпен қарайтын адам. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін бар күшін салады. Бірнеше жылдан бері өз сыныбында «Радуга» театр студиясының жетекшісі болып табылады. Оның оқушылары бастауыш сынып оқушыларын, №85 бала бақша балаларын ғана қуантып қоймай, сондай-ақ «Балауса» қалалық байқауына қатысып, бірнеше мәрте лауреат атанды. Оқушылары өздігінен өлең шығарып, әңгіме жазып, облыс және қала газет беттерінде жариялап тұрады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, Галина Михайловнаның оқушылары «Городская неделя» газетінде (7 желтоқсан №48, 14 желтоқсан №49) өз шығармаларын басып шығарды. Олар: Жвакин Георгий, Заремба Артем, Карпов Богдан, Аубакирова Диана, Булатова Виктория. «Звезда прииртышья» облыстық газетінде (15 желтоқсан №143) «Поэтическая» номинациясымен өздері шығарған өлеңді басып шығарды. Өзінің шығармашылық жұмысына Галина Михайловна ата-аналарды да қатыстырады. Олар балалармен бірге ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Аккорды-2016» балалар мен жасөспірімдер арасындағы аймақтық фестивальге қатысып, «Песни казахстанских авторов-бардов» номинациясына ие болды.

Галина Михайловнадан тарайтын жылы шырай балалардың арасында жақсы қарым-қатынас тудырады. Сондықтан балалар әрдайым ізденіс үстінде.