Телефон доверия
+7 (718) 2526093
email: sad126@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Майры көш., 27
Басшы +7 (718) 2526093 Қабылдау бөлмесі +7 (718) 2653273 Бухгалтерия +7 (718) 2653272 Вахта +7 (718) 2526307
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
9.00 - 18.00
"Қазақ тілін үйренеміз" ата - аналарға консультация

Коммуникативтік принцип - балабақшадағы қазақ тілін үйретудің негізі болып табылады.  Осыдан барлық әдістер қазақ тілін үйренуге тілдесу құралы ретінде бағытталған. 

Қазақ тілін үйренуге келесі міндеттерді қояды:

1. Сөздік қорын молайту

2. Қазақ тіліндегі өзіндік дыбыстардың дұрыс айтылуы

3. Сөйлемдерді құру

4. Сөйлемдердің байланысын дамыту

5. Балаларды қазақ ұлтының мәдениетімен таныстыру (салт - дәстүр, ұлттық киіммен, мерекелермен)

Қазақ тілін оқыту бөлек сөйлемдерді есте сақтаудан басталып, олардың дұрыс айтылуы мен сөйлемдерде тиісті жерде қолдануын үйрету.

Материал демонстрация материалы, мимика, көрнекілік құралдар, дене қимылдары көмегімен түсіндіріледі (сурет, муляж, ойыншық). Сонымен бірге мнемокестелер, сүйеніш схема - белгілер қолданылады. Осыдан әрбір белгі нақты сөзді білдіреді. 

Сүйеніш схема - белгілермен жұмыс істеу 4 кезеңге бөлінеді: 

1 кезеңде педагогтың схемадағы бөлек элементтеріне түсінік береді. Мысалы: 

Кішкентай - маленький, үлкен - большой, әдемі - красивый және т.б.

2 кезеңде балалардың білетін сөздерден сөйлем құрастыруға үйренеді. Мысалы:

Алма кішкентай, таза, тәтті. блоко маленькое, чистое, сладкое. 

3 кезеңде балалар өздігінен шағын әңгімелерді, жұмбақтарды құрастыруға үйренеді.

- Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Құстар ұшып келді. - Наступила весна. Дни потеплели. Снег растаял. Прилетели птицы. 

Соңғы 4 кезеңде (даярлық топта) балалар құралған схемалар бойынша өздігігнен әңгімелерді айтуға үйренеді. 

Жылдың соңында даярлық топтың балаларында қазақ тілі бойынша келесі біліктері, икемдер мен дағдылар қалыптасады:

1. "Танысу" тақырыбы боынша сұрақтарға жауап беру. Сенің атын қалай? Неше жастасын? Қай жерде тұрасын?

2. Сұрақтарға жауап беру: Бұл кім? Бұл не? (он заттың ішінде)

3. Әдепті сөздерді білу: сәлеметсіз бе (здравствуйте), сау болыңыз (досвидания), рахмет (спасибо) және т.б.

4. "Қандай?" сұраққа жауап беру (формасы, дәмі, түсі, өлшемі бойынша)

5. 10 - га дейін санау.

6. Жекеше және көптік түрде сөздерді атау.