Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: Павлодар қ., Минин көшесі, 31
(87182)515435
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі 9.00-13.00 Сәрсенбі 14.00-18.00
Баланың бейімделуіндегі маңызды факторлар
Баланың бейімделуіндегі маңызды факторлар

Баланың балабақшасына баруы дегеніміз – оның бейтаныс жағдайға тап болуын білдіреді, бұл болса бұрын тұрақты байланыстардың кейбіреулерінің бұзылуы мен жаңаларының жылдам пайда болуы талап етеді.  Бұл міндеттердің күрделілігі, мектепке дейінгі мекемеге бару балада психикалық стрестің дамуымен ілесе жүретіндігіне әкеледі.

             Стресті арандатушы басты жағдай бұл – анасынан айырылу және бейтаныс балалармен және бөтен ересек адамдармен жалғыз өзінің қалу қажеттігі, өйткені бұған дейін бала жаңа жағдайға кезіккен кезде үнемі анасының қолдауын алатын еді және оның жанында болу – бала үшін психологиялық қорғалумен қолайлы жағдайға кепілдік беретін еді.

Сондай-ақ мектеп дейінгі кіші жастағы балаларда құрдастарымен қарым- қатынасқа деген мұқтаждық әлі қалыптаспаған, ал бірлесіп ойнау дағдылары әлі дамымаған. Нәтижесінде балабақшасындағы алғашқы күндер балада ауыр жағымсыз әсерлер қалдыратын жағдайлар болады, салдарынан ол әрі қарай баруға қарсылық көрсетеді – жылайды, байбалам салады, тіпті психосоматикалық науқастанады.

         Баланың бейімделу сипаты және оның өзгерген өмір жағдайына деген әсерінің айқындылығы деңгейін келесі факторлар анықтайды:

  • баланың жасы;
  • жеке психологиялық ерекшеліктері;
  • жүйке жүйесі үдерістерінің (әлеуметтену деңгейі) алдында болған жаттығуының болуы (немесе болмауы);
  • баланың жас ерекшелік дамуы мен денсаулығы жағдайының деңгейі.

          Бейімделудің өтуін кейбір арнайы белгілер бойынша болжауға болатындығын зерттеу көрсетіп отыр. Ерте жаста (0 жастан 3 жасқа дейін) бейімделу барысын,  негізінен қолайсыз факторлар ауырлатылататындағы анықталды, ал мектепке дейінгі жастағы балаларда (3 жастан 6 жасқа дейін) қатер факторларының ішінде шағын әлеуметтік ықпалдар көп рөл атқарады.