Телефон доверия
87182346974 руководитель, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Адрес: город Павлодар, Ш.Құдайбердіұлы,4
87182345889 вахта 87182346974 руководитель 87182346991 бухгалтерия
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник с 10.00-12.00 четверг с 16.00-18.00
Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің конспектісі Тақырыбы: «Көңілсіз ағаш» Тәрбиеші: Н.Т.Нұржанова

Білім беру саласы: Таным + Шығармашылық

Бөлімі:Экология + сурет

Тақырыбы:«Көңілсіз ағаш»

Мақсаты:Балалардың күз мезгілінің өзіне тән белгілері туралы білу.

Бағ.мазмұны:

1.Жыл мезгілі - күз туралы білімдерін бекіту, бастыру әдісі арқылы жапрақтарды салуға жаттықтыру, гуашь бояуын қолдана білуді үйретуді жалғастыру.

2.Есте сақтау,ойлау  қабілеттерін дамыту.

3.Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін,эстетикалық қабылдауға тәрбиелеу.

Құралдар:Ағаштың суреттері, карточкалар, жапырақтар, гуашь бояулары, қылқаламдар, майлықтар, дастархандар, ақ қағаздар, қағаздан қиылған жапырақтар, көңілді смайлик.

Билингвальдық компонент: көңілсіз - грустное, үйеңкі - клен.

Сөздік жұмыс:  Алтын күз, жапырақтар.

 

Өткізу барысы:

 

І.Ой қозғайтын себепкер- Кіріспе бөлім

- Балалар,шеңберге тұрып қонақтармен амандасайық.

Қазір бізде экология, сурет сабағы болады.

Енді маған қарап жұмбақты тыңдап жауабын тауып көріңдер:

1.Дала сары киінді,
   Қамбаға астықтолатын.

   Самал соқты салқындау,
   Қай мезгіл деп ойлайсың?   (Күз)
Жарайсындар,бұл жыл мезгілін естеріңе сақтап қалыпсыңдар!

Тағы да бір жұмбақтын жауабын тауып көріңдер:

2.Жазда тұрып жоғары,
    Күзде жерге қонады.  (Жапырақ)

- Күздің негізгі белгісі не? Әрине сары жапырақтар

 

ІІ. Негізгі бөлім

-Айнала қалай өзгерді?

-Адамдар қалай киіне бастады?

-Ағаштар калай өзгереді?

Терезеге қарасақ нені байқаймыз?

  • Ағаш жапырақтармен.

Жапырақтары қандай?

-Сары, тоқсары т,б

Өте дұрыс айтасыңдар, ал қазір бәріміз тақтаға қараймыз.

Нені көріп тұрмыз?

-Ағаштарды көріп тұрмыз.

- Ағаштар өте әдемі, көз тартатын көңілді болып тұр. Мынау қандай ағаш? Бұл ақ қайың. Қайың күліп тұр екен, өте көңілді, жапырақтары жасыл, сары, әлі түсе қоймапты. Ал мынау ше? Бұл емен ағашы. Ол да көңілді, жапырақтары орнында. Ал мынау ше? Мынау үйеңкі ағашы. Сөздік жұмыс: үйеңкі – клен, көңілсіз – грустный, жеміс ағашы – фруктовое дерево. Ал үйеңкі неге жабырқау?  Түрін қараңдар. Ол көңілсіз, жабырқап тұр. Неге деп ойлайсыңдар? Өйткені ол жапырақсыз екен. Жапырақтардың барлығы түсіп қалғандай болып тұр, мүмкін оларды жел айдап кеткен шығар. Үйеңкінің көңілін қалай көтерсек екен. Ол үшін қазір тез арада 2 топқа бөлінеміз, ол үшін эмблемаларыңа қараңдар, кімде сары жапырақтар олар сурет үстеліне отырады  да әдемі жапырақтардың суретін салады. Ал кімнің кеудесінде ағаштардың эмблемалары бар, олар мына үстелге келіп отырады.

(балалар үстелдерге отырады)

  • Алдымен сурет салудың ретін түсіндіріп өтейін, сендерге көмекке мына сызба келеді, осы сызбаға қарап үйеңкінің жапырақтарын бояп, бастыру әдісі арқылы боялған жапырақтарды қағаз бетіне түсіресіңдер, осылайша бірнеше жапырақтардың суреттерін салып, жұмыс жасайсыңдар.

Ал сендермен мен бірге отырып жұмыс жасаймын.

  • Балалар, ағаштар қандай болады? Олардың түрлері қандай?
  • Ағаштар: жай және жеміс ағаштары болып бөлінеді.
  • Олардың өзгерістері өзара ұқсай ма?
  • Жоқ.
  • Жай ағаштар маусымдарға байланысты қалай өзгереді?
  • Ал жеміс ағаштары ше?
  • Ендеше мына суретке көңіл аударайық (көрнекілік материал)
  • Мына ағаш жай ағаш, бұл көктемде және жазда жап – жасыл болып жайқалып тұрса, ал күзде ол сап сары алтындай болып тұрады, ал жеміс ағаштары көктемде гүлдейді, ал жазда гүл түскен соң жемістері пайда болады, ал күзде біз ол жемістерді жинап, жейміз.
  • Жай ағаштардың да, жеміс ағаштарының да түрлері өте көп. Қазір сендер карточкалардағы тапсырмаларды орындау арқылы сол ағаштардың түрлерін білетін боласыңдар. Қазір ойындар ойнаймыз, 1 карточкаларда тапсырма бойынша мынадай ойын ойнаймыз.
  • «Қай ағаштың жапырағы?». Шарты: ағаштардың жапырақтарын дұрыс қосу.
  • 2 карточкалармен мынадай ойын ойнаймыз, «Көлеңкесін тап» деп аталады. Шарты: Суреттегі бейнелердің көлеңкесін табады.
  • 3 карточкаларда жапырақтардың ағаштан саудырап түсіп жатқан жолын көрсетіп ойнайсыңдар. Шарты: үзік сызықтарды басып жапырақтардың жерге түскенін көрсету.
  • Қоңырау соғылады. Жұмыстың аяқталғаны көрсетіледі.
  • Енді орнымыздан тұрып, орындарымызды ауыстырайық.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай  ағаштар

Үп-үлкен болып өседі.

  • Орындарымен ауысады, тапсырма легі жоғарыдағыдай орындалады.
  • Қоңырау соғылады. Жұмыстың аяқталғаны байқалады.
  • Әдемі салынған суреттер таңдалынады.
  • Карточкалар жинастырылады.
  •  Осымен ағаштар туралы білдік, әдемі жапырақтардың суреттерін салды, балалар қалай ойлайсыңдар, әдемі жапырақтарды үйеңкіге сыйласақ оның көңілі көтеріле ме?

 

ІІІ. Қорытынды бөлімі

  • Ендеше бүгінгі сабақта біз не істедік?
  • Жұмыс жасау қиын болды ма?
  • Карточкалармен не істедік?
  • Қандай әдіспен сурет салдыңдар?
  • Енді мына ыдыстағы жапырақтарды алып, үйеңкіге сыйға тартайық, қуанып қалсын (жапырақтар ағашқа жапсырылады).
  • Көңілсіз ағашымыз енді күлімдеп, қуанып тұр. Сендерге әрине рахмет айтуда.
  • Осымен сабағымыз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.