"Жас ұланшылар қатарында" қашықтықтан қалалық байқауына Павлодар қаласының № 2,7,11,14,16,17,18,27,29, 34,36,39, 43 жалпы білім беретін мектептерден, № 20лицей-мектебінің 5-8 сыныптардың 42 оқушысы қатысты.Мақсаты-қазақстандық патриотизмге, Отанға деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу,оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін дамыту және қолдау.
2021 жылғы 1 наурызда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай 5-7 сынып оқушылары арасында қашықтық қалалық оқу жыр керуен конкурсын өткізді.
Қазақстанда бірінші наурыз көктемнің басталуымен ғана белгіленбейді. Мереке жас болса да, бүгінде басқа мерекелер сияқты ерекше орын алады. Оны жалпыхалықтық деп атауға болады, өйткені ол Қазақстан халқының ортақ тарихи жадын, бірлігін, құрметі мен ынтымақтастығын білдіреді.
24 ақпан күні М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында " Мамандықтар әлемін ашамыз "атты облыстық форум өтті. Форум екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлім - номинациялар бойынша конкурстар, екінші бөлім сұхбат форматында өтті.
Павлодарда 59-шы Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды. Биылғы жылы 5 күн бойы онлайн-режимде барлық өңірден 730 қатысушы, қалалық, аудандық олимпиада кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері жарысты. Ең көп қатысқан командалар: Павлодар қаласының құрама командасы (52 оқушы), дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицей (46 оқушы), дарынды балаларға арналған №3 гимназия (46 оқушы)
"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен мемлекеттік тілді меңгерген дарынды және талантты балаларды анықтау аясында 28 қаңтар мен 5 ақпан аралығында "Ертегі кейіпкері"мультипликациялық сериалының қалалық байқауын ұйымдастырды.
2021 жылдың 16-19 ақпан аралығында өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылық "Шеберлер қаласы: ата-бабалар мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз" атты қашықтықтан қалалық көрме өтті. Қаланың № 5, 11, 14, 16, 17, 21, 27, 33, 35, 39, 41, 43 жалпы білім беру мектептерінен 5-8 сыныптың 48 оқушысынан тұратын 12 команда қатысты. Мақсаты-балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамыту, көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылықты ұсыну.
Жас математиктердің жетістіктері
Дарынды балаларды қолдау мақсатында 2021 жылдың 18 ақпанында 2-4 сынып оқушылары үшін "Бастау" VIII Облыстық математикалық турнирі өткізілді. Пандемияға байланысты Турнир қашықтықтан Google платформасында өтті – бір тур формасы – жазбаша жеке. Оқушылар математика пәнінен тест орындады, онда әр сынып үшін 20 сұрақ (орындау уақыты 60 минут) дайындалды.
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылғы 11 Ақпанда "Мамандықтар әлемін ашамыз"Республикалық форумының қашықтықтан қалалық кезеңін өткізді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың республикалық қашықтық кезеңі 9-11 сынып оқушылары үшін 2020 жылғы 9-12 ақпан аралығында өткізілді.Оқушылардың ғылыми жобалар байқауына Павлодар қаласының 2 жалпы білім беретін мектебінен 2 оқушы қатысты, олар 2 секция бойынша екі зерттеу жұмысын ұсынды.
Павлодар қаласының оқушылары ғылыми жұмыспен белсенді айналысады. Үш оқушы 26 - 29 қаңтарда қашықтықтан өткен 1-7 сынып оқушылары арасындағы "Зерде" зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары республикалық байқауының қорытынды кезеңіне өз жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.
Оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға тиімді дайындау, математикадан дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында 2021 жылғы 28 қаңтарда "Бастау"бастауыш сынып оқушыларының қашықтықтан қалалық математикалық турнирі өткізілді. Жалпы білім беретін 40 мектептен 2-4 сыныптың 177 оқушысы және "Лингва" жеке мектебінен 1 оқушы қатысты. Қатысушылар GOOL платформасында тест тапсырмаларын орындады.
Облыстың білім беру басқармасының "Ертіс дарыны" өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы "Ертіс" облыстық телеарнасымен бірлесіп қашықтықтан "Жас экорепортер"облыстық экологиялық конкурсын өткізді.
Құрамында №2, 11, 12 және 25 мектептердің 7 оқушысынын құралған Павлодар қаласының командасы 2021 жылдың 20-26 қаңтары аралығында өткен «Әбіш оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысты.
2021 жылдың 20-21 қаңтар аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 8-11 сынып оқушылары арасында I облыстық гуманитарлық олимпиаданың қашықтықтан қалалық кезеңі өткізіледі.
Павлодар қаласының білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2021 жылғы 22 қаңтарда "Ұшқыр ой алаңы"республикалық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі өткізілді.Турнирге барлығы 8-11 сыныптың 20 оқушысынан тұратын 10 команда қатысты.
23-24 қаңтар күндері Алматы қаласында 9-11-сынып оқушылары арасында қашықтықтан Республика көлемінде ІІІ «Абайтану» олимпиадасы өтті.
2021 жылғы 13-15 қаңтар аралығында онлайн режимінде Google meets платформасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резерв құру болып табылады.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылғы 13 қаңтарда "Ақберен"республикалық конкурсының қашықтықтан қалалық кезеңін өткізді. Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды гуманитарлық-эстетикалық бағытта анықтау, қазақ патриотизмін қалыптастыру және ұлттық рухты тәрбиелеу.
