Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Бала жылы аясында алғаш рет "Жыл оқушысы" республикалық конкурсын ұйымдастырды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Торайғыров университетімен бірлесіп 2022 жылғы 18 қарашада 9-11 сынып оқушылары арасында көптілділіктен облыстық олимпиада өткізді, оған Павлодар қаласының мектептерінен 4 оқушы қатысты.
Оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға тиімді дайындау, математикадан дарынды балаларды қолдау мақсатында 2022 жылғы 18 қарашада бастауыш сынып оқушыларының қалалық математикалық турнирі өткізілді. Павлодар қаласының 42 жалпы білім беретін мектебінен 2-4 сыныптардың 197 оқушысы қатысты.
2022 жылғы 17 қарашада «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында «Биология» пәні бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша ХІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.
2022 жылғы 15 қарашада «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының базасында «Физика» пәні бойынша бағдарламалаудың және жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері пәндері бойынша ХІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.
Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 16 қарашада № 7 орта мектепте және «Павлодар дарыны» орталығы базасында 9-11 сынып оқушылары арасында көптілділіктен оқушылардың облыстық олимпиадасының қалалық туры өтті.
2022 жылғы 14 қарашада "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту балалардың дарындылығын дамыту орталығында Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің балалар құқықтарын қорғау комитеті Балалар жылы шеңберінде ұйымдастырған "Жыл оқушысы" республикалық конкурсының I туры (өзін-өзі таныстыру) өткізілді.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының негізінде 2022 жылғы 10 қарашада 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық туры өтті. Олимпиаданың мақсаты дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, оқушылардың лингвистика бойынша білімдерін жетілдіру және тереңдету болып табылады.
2022 жылғы 9 қарашада «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО және дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясы базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалаудан «Математика» және «Бағдарламалау» пәндері бойынша ХІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.
2022 жылдың 4 қарашасында "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің базасында жастар арасында "ERTISJASTARY" облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Мақсаты-белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, шығармашылық қабілеттерін қолдау. Пікірталас-көшбасшылықты тартудың, икемді, саяси сауатты болуға ынталандырудың бір жолы.Турнирге облыстың барлық қалалары мен аудандарынан және мамандандырылған мектептерінен 40 команда, оның ішінде Павлодар қаласының № 2, 7, 14, 27, 30, 40 мектептерінің 14 оқушы құрамында 7
"Алтын сын" олимпиадалық резерв мектебі Павлодар қаласының білім
бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балаларлың дарындылығын дамыту орталығында жұмыс істейді.
А.Бөкейханова мектеп - лицей базасында 2022 жылғы 4 қарашада А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған "Ұстаз – ұлт тәрбиешісі" атты жас педагогтар арасында І қалалық пікірсайыс турнирі өтті.
2022 жылы 4 қарашада "Оқуға құштар мектеп" республикалық жобасы аясында және "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының оқу жоспарына сәйкес М. Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасымен бірлесіп Павлодар қаласы мектептерінің 4 сынып оқушыларына арналған "Кітап арқылы ашылған әлем" қалалық жобасының мәресін өткізді.
"Мағжан оқулары" - республикалық ғылыми - шығармашылық байқауының облыстық кезеңі 2022 жылғы 4 қарашада өткізілді. Байқаудың мақсаты - көркем әдебиетті оқуға, поэтикалық сөзге деген қызығушылықты арттыру, ғылыми тұрғыдан өз пікірін білдіру дағдыларын дамыту. Байқауға қалалық кезеңнің жүлдегерлері № 21, 37, 35 А. Бөкейханов атындағы ЛМ (2), мектеп оқушылары қатысты.
Жас зерттеушілерді анықтау және қолдау, дарынды оқушылардың одан әрі шығармашылық қызметіне жәрдемдесу мақсатында 2022 жылғы 2 қарашада 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауының облыстық кезеңі өтті.
Жыл сайынғы байқауға 28 мектептен 71 оқушы, 66 жобаның авторлары қатысты.
«Павлодар дарыны» балалар бос уақытты камту және дамыту орталығы Павлодар қаласының білім бөлімі жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 3 қарашада қала мектептерінің 10-11 сынып қыз балалар арасында Мәншүк Маметованың 100-жылдығына арналған «Қазақтың қаһарман қызы - Мәншүк» атты байқауын өткізді.
2022 жылдың 26 қазанында 8-10 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер» облыстық экологиялық байқауы өтті. Байқауға қатысушылар экологиялық проблемаларға арналған жұмыстарын ұсынды.
2022 жылдың 28 қазанында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Достық үйі» залында «Қоғамдық келісім» КММ «Өнер алды – қызыл тіл» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 20 қазанда № 2 орта мектеп базасында 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың қалалық туры өтті.
Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу аясында «Павлодар дарыны» балалар бос уақытты камту және дамыту орталығы Павлодар қаласының білім бөлімі 2022 жылғы 21 қыркүйекте қала мектептерінің 7-10 сынып оқушыларына арналған «Менің Қазақстаным – сені жырлағым келеді» атты қалалық музыкалық – аспаптық байқауын өткізді.
