«Ел Yмiтi» Елбасы бастамасы аясында, Қазақстанда жергілікті ауыл мектептері оқушыларының қабілеті мен талантын қолдау және дамыту мақсатында биыл алғаш рет «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың басты ұйымдастырушысы «Академия Елбасы» бірлескен қоры болып табылады.
2020 жылғы 9 желтоқсанда «Медаль Елбасы » бағдарламасында қатысушыларды марапаттау бойынша бірінші Комиссия отырысы өтті. «Медаль Елбасы» - жастардың кешенді дамуына бағытталған, ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, талант пен дағдылар, кітап оқу,ұлттық мұрағат,еріктілер, экспедиция және саяхат, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 - 29 жас аралығындағы жастарға арналған.
2020 жылы 30 қарашада ғалым, философ Әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған 8-10 сынып оқушылары арасында ғылыми жобалардың республикалық қашықтық конкурсы өткізілді. Павлодар қаласынан № 21 мектептің 10 сынып оқушысы Ващук Милава қатысты.
Тәуелсіз ҚР Күні мерекесіне арналған, «Қанатты әуен» байқауы 2 желтоқсанда бастау алды. Байқау 11 желтоқсанға дейін өтті.
4 желтоқсанда Павлодар қаласы білім беру бөлімі,«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы» МҚКК поэтикалық жанрда «Буримэ» қашықтық конкурс өткізді.
2020 жылдың 10-11 желтоқсан аралығында Алматы қаласында алғаш рет қашықтықтан Абайдың 175 жылдығына орай «Абай әлемі» шығармашылық байқауы болды. Байқау екі бағыт бойынша өтті:
1-бағыт – «Жүрегімнің түбіне терең бойла ...» атты эссе байқауы;
2-бағыт – «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін ...» атты ақындар мүшайрасы.
Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының «ECOSTAN-ға саяхат » республикалық конкурсына 7 - 12 сынып оқушылары қатысты.
2020 жылғы 16 қараша - 8 желтоқсан аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығыменТәуелсіздік күніне арналған «Культурное наследие Казахстана» қалалық қашықтық конкурсы өткізілді.
8-11 сынып оқушылары үшін жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалары 2020 жылдың 23 қарашадан 30 қарашаға дейін қашықтықтан облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.
2020 жылдың 26 қараша күні облыстық «М-Ж.Көпеев оқулары» байқауы өтті. Байқау мақсаты – М-Ж.Көпеев шығармаларын насихаттау. Бұл сайысқа қала мектептерінің атынан төрт бағыт бойынша төрт жүлдегер қатысты.
Ағымдағы жылдың 24 қарашасында қашықтық форматта 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша XIII Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі (2 тур) өтті.
«Менің кіші Отаным» облыстық конкурсына облыстың жалпы білім беру мектептерінің 498 оқушысы қатысты, сонымен қатар қонкурстың қалалық кезеңінің жеңімпаздары Павлодар қаласының № 24, 27, 40 мектептерінің құрамында 15 оқушы 3 команда қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша барлық 3 команда жүлделі орындарға ие болды. Конкурс волонтерлер Жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізіледі.
2020 жылғы 20 қарашада алғаш рет 5 – 6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада қалалық кезеңі өтті. Пандемиеге байланысты Олимпиада келесі 6 пән бойынша қашықтық форматта өтті: математика, жаратылыстану , қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.
8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалардың қашықтық қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері іріктеу турдан өтті.
Ағымдағы жылдың 18 қарашасында қашықтық форматта 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша XIII Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті.
2020 жылы 18 қарашада Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы» «МәшһүрЖүсіп» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді.
Байқау мақсаты – өскелең ұрпақты халық шығармашылығы негізінде, ұлы ақынның рухани мұрасы арқылы тәрбиелеу, өңіріміздің мәдениет, әдебиет майталмандарының шығармашылығын зерттеу.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" балалардың дарындылығын дамыту және бос уақытын қамту орталығы 2020 жылғы 16 қарашада қашықтық форматта ХІІІ Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен іскерлікті тереңдету, дарынды оқушыларды қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау.
В связи с недопущением распространения короновирусной инфекции COVID - 19 в организациях образования в период пандемии проведение областного этапа в целях отбора и поддержки наиболее талантливых и одаренных юных исследователей, содействия формированию интеллектуального потенциала Республики Казахстан в период с 9 по 14 ноября проведен республиканский конкурс исследовательских работ и творческих проектов «Зерде» среди учащихся 1-7 классов дистанционно.
2020 жылдың 12 қарашасында "ECOSTAN – ға саяхат"республикалық экологиялық конкурсының облыстық кезеңіне облыс мектептерінің 7-11 сыныптарының 97 оқушысы, конкурстың аудандық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 7 оқушысы қатысты. Байқау Павлодар облысы білім басқармасының "Ертіс дарыны" аймақтық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен қашықтықтан өткізілді.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2020 жылғы 5 - 13 қараша аралығында "Бала құқығы - адам құқығы" қалалық қашықтық конкурсы өткізілді.
