
2022 жылы 4 қарашада "Оқуға құштар мектеп" республикалық жобасы аясында және "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының оқу жоспарына сәйкес М. Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасымен бірлесіп Павлодар қаласы мектептерінің 4 сынып оқушыларына арналған "Кітап арқылы ашылған әлем" қалалық жобасының мәресін өткізді.

"Мағжан оқулары" - республикалық ғылыми - шығармашылық байқауының облыстық кезеңі 2022 жылғы 4 қарашада өткізілді. Байқаудың мақсаты - көркем әдебиетті оқуға, поэтикалық сөзге деген қызығушылықты арттыру, ғылыми тұрғыдан өз пікірін білдіру дағдыларын дамыту. Байқауға қалалық кезеңнің жүлдегерлері № 21, 37, 35 А. Бөкейханов атындағы ЛМ (2), мектеп оқушылары қатысты.

Жас зерттеушілерді анықтау және қолдау, дарынды оқушылардың одан әрі шығармашылық қызметіне жәрдемдесу мақсатында 2022 жылғы 2 қарашада 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауының облыстық кезеңі өтті.
Жыл сайынғы байқауға 28 мектептен 71 оқушы, 66 жобаның авторлары қатысты.

«Павлодар дарыны» балалар бос уақытты камту және дамыту орталығы Павлодар қаласының білім бөлімі жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 3 қарашада қала мектептерінің 10-11 сынып қыз балалар арасында Мәншүк Маметованың 100-жылдығына арналған «Қазақтың қаһарман қызы - Мәншүк» атты байқауын өткізді.

2022 жылдың 26 қазанында 8-10 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер» облыстық экологиялық байқауы өтті. Байқауға қатысушылар экологиялық проблемаларға арналған жұмыстарын ұсынды.

2022 жылдың 28 қазанында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Достық үйі» залында «Қоғамдық келісім» КММ «Өнер алды – қызыл тіл» байқауының облыстық кезеңі өтті.

Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 20 қазанда № 2 орта мектеп базасында 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың қалалық туры өтті.

Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу аясында «Павлодар дарыны» балалар бос уақытты камту және дамыту орталығы Павлодар қаласының білім бөлімі 2022 жылғы 21 қыркүйекте қала мектептерінің 7-10 сынып оқушыларына арналған «Менің Қазақстаным – сені жырлағым келеді» атты қалалық музыкалық – аспаптық байқауын өткізді.

Республика күніне орай облыстың жүз талантты оқушыларына 20 қазанда жыл сайынғы "Тәуелсіздіктер Ұланы" сыйлығы табысталды. Сыйлықақы сомасы-әр оқушыға 50 АЕК немесе 159 мың теңге. Сыйлықты облыс әкімдігі 2021 жылы дарынды балалар мен педагогтарды қолдау мақсатында тағайындады. Павлодар қаласының № 2, 9, 11, 25, 27, 28, 29, 33, 36, 37, 39, .41, 43, А. Бөкейхан, М. Әуезов, М.Әлімбаев,Қ. Бекхожин, Жетекші мектебінің 25 оқушысы марапат пен төсбелгіге ие болды.

Республика күнін мерекелеу аясында 2022 жылғы 20 қазанда №1 ЖОББМ базасында қазақ лигасының қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Ережеге сәйкес турнирге БФФ форматы бойынша қазақ лигасының командалары қатысты (1 команда – 2 оқушы). Турнирдің мақсаты-өз елінің тарихын білуге және сүюге деген ұмтылысты дамыту, елде болып жатқан өзекті жағдайларды талдау және көпшілік алдында талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.

2022 жылғы 20 қазанда "Оқуға құштар мектеп" республикалық жобасы аясында және "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының оқу жоспарына сәйкес М. Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасымен бірлесіп Павлодар қаласы мектептерінің 4 сынып оқушыларына арналған "Кітап арқылы ашылған әлем" қалалық жобасының "Дәуір тудырған талант..." IІI турын өткізді.

"Мың бала" республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында 2022 жылғы 19 қазанда Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен "Өнер алда – қызыл тіл"байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 18 қазанда №7 ЖОМ базасында Қазақстан Республикасы күніне орай облыстық "Жас экорепортер" экологиялық конкурсының қалалық кезеңі өткізілді. Байқауға қаланың 15 жалпы білім беретін мектебінен 8-10 сыныптардың 27 оқушысы қатысты.

2022 жылғы 18 қазанда "Ақберен" республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Байқауға 3 қаладан, 10 ауданнан, 14 мамандандырылған мектептен 8 - 11 сыныптардың 112 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының № 2, 20 (2), 30, 35, 37 жалпы білім беретін мектептердің 6 оқушысы қатысты. Байқаудың мақсаты - гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы шығармашылық қабілеттерін, поэтикалық, шешендік шеберлігін дамыту, өздерінің шығарған өлеңдерін жазу, ұлттық аспаптарда ойнау.

Облыстың білім беру басқармасының "Ертіс дарыны" өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 14 қазанда ОМЛИОД лицейінің базасында "Менің кіші Отаным"атты жас тарихшылардың зияткерлік конкурсын өткізді.

3-10 сынып оқушылары арасындағы республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі 2022 жылғы 14 қазанда өткізілді. Мақсаты- оқушылардың оқу мәдениетін, рухани әлеуетін дамыту, Қазақстан тарихына танымдық қызығушылығы мен патриотизмін арттыру.

2022 жылдың 14 қазанында Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны » бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында «Жүргізуші мектебіне» іріктеу кезеңі өткізілді.

2022 жылғы 13 қазанда "Оқуға құштар мектеп" республикалық жобасы аясында және "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының оқу жоспарына сәйкес М. Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасымен бірлесіп Павлодар қаласы мектептерінің 4 сынып оқушыларына арналған "Кітап арқылы ашылған әлем" қалалық жобасының "Балалардың сүйікті досы" II турын өткізді.

және балалардың дарындылығын дамыту орталығында 2022 жылғы 13 қазанда «Физика» пәні бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі және «Бағдарламалау» пәні бойынша № 28 орта мектепте өтті.

Бүгін, 2022 жылғы 12 қазанда, Астана қ.уақыты бойынша сағат 10.00-де Павлодар педагогикалық университетінің базасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша жалпы білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған XV Президенттік олимпиаданың өңірлік (бірінші) кезеңі басталды.