Облыстық "Familyday" отбасылық жобаға 1-4 сынып оқушылары қатысты. Олардың арасында "Дұрыс тамақтану" тақырыбына балалар суреті мен қолөнер бұйымдары конкурсы өткізілді. ең жақсы суреттер стендке ілінді.
2019 жылғы 16-17 қарашада Джиу Джитсудан облыстық чемпионат өтті, 5Д сынып оқушысы Эммануилиди Давид 1 орынға ие болды.
16 қарашада біздің мектепте "Бірінші сыныпқа салтанатты қабылдау" мерекесі өтті.4 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен қызық бағдарлама дайындап өткізді. Бірінші сынып оқушыларына қонаққа Незнайка мен Белоснежка өз достарымен келді. 1 Сынып оқушылары жатқа тақпақ айтып,ән салды. Мерекенің соңында гномдар 1 сынып оқушыларына сыйлықтар берді. Барлық балаға мереке ұнады.
"Менің Туым,менің Отаным!" акциясы шеңберінде мектепте 2-6 сынып оқушылары үшін сапқа тұру өтті. Тудың тарихы туралы тарих мұғалімі Н.М.Мұратова әңгімеледі.Әр оқушының қолында көгілдір ту болды. Салтанатты сапқа тұрудың соңында "Атамекен" әні орындалды.
4 "Д" сынып оқушысы Даудова Алина "Қазақстан раушандары" республикалық сайысында І орынға ие болды.
Оқушымызды мақтан етеміз,құттықтаймыз,жаңа жеңіс тілейміз!
2019 жылғы 10 қазанда дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-мектебінің базасында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ғ.А.Сүлейменова әдістемелік семинар-мәжілісіне қатысып,тәжірибесімен бөлісті.
Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы жойылады және мемлекеттік қызметтер тізілімінен шығарылады. Бұл 1 қарашадан бастап мемлекеттік органдар, мектептер, медицина мекемелері, т....
Бүгін мектепте 5Е және 5В сынып оқушылары арасында таланттар сайысы өтті.Әр қатысушысы өз талантын көрсетті.Барлық қатысушылар марапатталды.
7Г сынып оқушылары, сынып жетекшісі А.Ж.Никанбекова, Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында Г.Потанин атындағы облыстық өлкетану-тарихи мұражайына барды.
28 қазанда К.Макпалеев атындағы ЖОББМ-нің 5Е сынып оқушылары Г.Потанин атындағы өлкетану мұражайына барды.
Бүгін 2-4 сынып оқушылары арасында "Бастау" қалалық математикалық турнирі өтті.Біздің мектеп оқушысы Ивлев Андрей(3А сынып,жетекшісі А.О.Молдагелдинова) осы сайыста 3 орынға ие болды.
"Педагогикалық идеялар панорамасы" республикалық сайысының облыстық кезеңінде І орын алған мектеп психологі және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Махабат Сыльбековнаны ұүттықтаймыз!!!
Келесі жетістіктер тілейміз!!!
Осы аптада біздің мектепте "Күз сыйлықтары" қолөнер бұйымдарының сайысы өтті. Балалар ата-аналарымен табиғи материалдарымен жұмыс істеп,шығармашылық қиял көрсетті.Бәріңде жарайсыңдар!
4Д сынып оқушысы Видергольд Марк Барнаул қаласында "Евразия" халықаралық турнирдеІІІ орынға ие болды.
Құттықтаймыз!!!
Жеңіл атлетикалық эстафетадан (Экиден) 2019 ж. 20 қазанда "Ертіс" шаңғы базасында 4-6 ш.қашықтықта жарыстар өтті.
7А сынып оқушылары сынып жетекшісі М.С.Төлеубаева және география мұғалімі А.Т.Табаевамен өлкетану мұражайындағы "Ұлы Дала өркениеті" көрмесіне барды.Экскурсия қызық және танымды болды, балалар разы болды.
Бүгін 9Г және 10А сынып оқушылары қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге Мемориалдың ашылуына бір жылдық құрметіне және Ұлы Жеңістің 75-жылдық құрметіне әскери-патриотттық шаралар басталуына арналған "Тірі естелік" акциясына қатысты.
2019 ж. 12.10 "К.Макпалеев атындағы ЖОББМ" Президенттік тестілерді тапсыруға қатысты.
Бүгін 6-8 сынып қыздары үшін мәжіліс залында "Қыздар форумы" өтті. Спортта жетістіктері бар қыздар марапатталды.
Біздің дене шынықтыру мұғалімі Владимир Дьяченко 2 км жүгіруден І орын алды.
Құттықтаймыз!!!
