Сенім телефоны
8 7182 570734
email: 4makpaleev_school@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
570740 - қабылдау бөлмесі, 570622 - бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00; Сенбі: 10:00-12:00.
Бір жылда2826859
Бір айда238570
Бір аптада73185
Кеше15187
Тәулік17947
Балалар мен ата-аналарға арналған жадынама

                                          Ата-аналарға кеңес.

1.Баламен мектепке дейін оқумен айналасуға  мүмкіндіктеріңіз болса,оқу білсе, ол мектепке келсін. 7-8 жасқа қарағанда, 4-5 жаста  оқуды үйрену оңайлау.

2.Баланың оқу жылдамдығы жеткіліксіз болса,  оған көмектесу керек.

3.Оқуға үйреткенде, оның қызығушылықтарына  көңіл  бөлу қажет.

Қалауына қарамай  оқуға үйреткен бала  оқығысы келмейді.

4.Балалармен көп ойнау керек. Баланың сауаттылыққа жолы  дыбыстар мен әріптермен ойын арқылы  басталады.

5.Балаларға ертегі айту. «Үлкен» деген балалардың өзі  ұйықтар алдында  ертегі,ән айтқанды жақсы көреді.Оқу балаларды тыныштандырады.Отбасылық оқу жиі  өткізу. Өскен балаларға  кітапты дауыстап оқыған қызығырақ.

6.Өздеріңіз оқуыңыз керек, бос уақытта  әкесі мен анасының кітап оқығанын бала көрсін.

7.Балалардың естімейтін, көрмейтін нәрселері бар:мысалы, ол ата-анасының тұрмыстық кикілжіңдері.Бірақ ата-анасының кітап туралы пікір алмасуын  бала тыңдауы міндетті.

8.7-16 дейін  өмірлік кезеңінде  адам оқуға қажеттісін түсініп,  оны өмір бойы жүзеге асырады немесе  бұл мүмкіндіктен  айрылатынын  назардан тыс қалдырмау керек.

9.Балалардың сұрақтарына  жауап беруге  асықпау керек, жауапты өздері кітаптан табуға кеңес беру керек.

10.Үйде әр түрлі  сөздіктер жинау керек:түсіндірмелі,орфографиялық, энциклопедиялық, шетел тілі т.б.,балада  сөздікпен  жұмыс істеу  әдеті болу керек.

11.Балаларға  жақсы кітаптар сатып алу немесе сыйлау керек,  міндетті түрде қолтаңбамен. Баланың не оқып отырғанына назар аудару керек.

12.Баламен бірге  әр түрлі кітаптан  кітанхана  жасау.

13.Кітаптарды бірге сатып алу, оқу, жөндеу, оқыған кітапты талқылау.Сонда ғана  баланың оқу талғамына  әсер етуге болады.

14.Баланы міндетті түрде  кітапханаға тіркеу.Ара-арасында  кітапханаға бірге бару.

 

                           Оқырманның өсиеттері.

Бір түрлі кітаптар оқыма.Оқу тәсілі  оқу мақсатына  сәйкес болуы керек.

1.Оқу-ең маңызды, керек, байсалды жұмыстарының бірі.

2.Өзің оқыған  бір кітапты талқылап оқы.

3.Ойлау және  елестеу жалқаулықпен үнемі күрес:ол-сенің нағыз жауларың.

4.Кітаптың әр бөлшегін  анық және толық түсінуге тырыс.

5.Маңызды себепсіз ештеңені назардан тыс қалдырма.

6.Маңызды себепсіз  кітапты аяғына  дейін оқымай қалдырма.

7.Қатты қажеттіліксіз  басқаларды көмекке шақырма,өз күшіңді жина.

8.Керек кезде  қиялдарыңды жұмыс істеткіз.

10.Түсініп оқығың келсе,қарындашпен оқы,конспект,көшірме жаса.

11.Мазмұнмен пайдалануды үйрен.

12.Оқығанды қайталап отыр.

13.Ең бірінші түсін,одан кейін сына.

14.Біреудің сынын  кітапты оқығаннан кейін оқы.

 

15.Кітапты оқығаннан кейін оның негізгі ойларын түсініп, жазып ал.

16.Оқу жоспарын жетекшілікке ал.

 

 

 

 

 

 

 

                                 Кітапханадағы тәртіп ережелері.

1.Кітапханаға кіргенде амандас.

2.Оқыған кітабыңды тастама, үстелге ұқыпты қой.

3.Кітапханашы кітапты белгілеу үшін  өз тегің мен сыныбыңды анық айт.

4.Кітап таңдағанда, ұқыпты ізде,кітаптарды шашпа.

5.кітапханада шулама,айғайлама,жүгірме.

6.Кітапты уақытында тапсыр,14 күннен кешіктірме.

7.Кітаптармен ұқыпты бол.

8.Кеткенде қоштас.

 

                                   Кітапты ұстау ережелері.

1.Кітапты кір қолыңмен алма.

2.Ыңғайлы үстелге  жайғасып отырып оқы.

3.Кітапты көзден 30-40 см  қашықтықта ұста.

4.Кітапты қаламмен,қарындашпен сызба.

5.Кітапты жабық шкафта сақта.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Кітаптардың өмір мерзімі әр түрлі болады:өте қысқа немесе шексіз.

 

Бұл кітаптың өмірі  сіздерге байланысты, оны  ұқыпты ұстауларыңыздан.

Оқу  ережелерін  сақтасаңыз, сүйікті кітаптарыңыз  сіздерді ұзақ  қуантады.