Жеңіс Күнінің 74-жылдығын тойлау шеңберінде мектепте мұражай қызметкерімен кездесу және 5 сынып оқушылары арасында салтанатты сапқа тұру және әскери ән байқауы өтті.
Бүгін Жеңіс Күніне арналған жеңіл атлетикалық эстафета өтті.Қыздар командасы 1 орынға ие болды, ұлдар командасы 7 орында.
Құттықтаймыз!!!
Жүгіру қатысушылары Қарағандыға келді, оларды қала әкімі қарсы алып, жүгіру қатысушыларын құттықтады. Эстафета Қарағанды қаласының 85-жылдығына,Жеңіс Күнінің 74-жылдығына, "Индустриалды Қарағанды" газетінің 74-жылдығына арналды. Марафон аяғында қатысушылар қатысқаны үшін сертификат алды.
6 А сыныбында мұражайдың ғылыми жетекшісі Опабекова Динара Кәрібайқызымен кездесу өтті.Ол біздің жерлестеріміз Ұлы Отан соғысы Батырларының ерлігі туралы айтып берді.
Біздің ардагеріміз Соколова Людмила Николаевна эстафетада 1 орын алды,жүзуден -2 орын,ал БББ командасы қалалық спорт жарыстарында ардагерлер арасында 2 орынға ие болды.
Артем мен София әлем деңгейіндегі Англиядағы Блэкпулл қаласында спорттық бал биі бойынша ең үлкен конкурсының финалисты болды. Финалда 220 жұп арасында джайв кубогінде жүлделі 5 орынға ие болды,Еуропа чемпионатында Блэкпулл қаласында латынамерикандық бағдарламада 7 орын алып, бірінші рет мұндай алып көлемдегі турнирға қатысты. Бұл конкурсқа әлемнің ең мықты жұптары жиналды.
Жаттықтырушылары қуанышты, балалар бақытты!
Мемлекеттік тілде оқытылатын болашақ 5 сынып оқушылары ата-аналарының назарына!
“К.Макпалеев атындағы жалпы орта білім беру мектебі” ММ оқушыларды 2019-2020 оқу жылына шақырады!
Жүгіру қатысушылары Баянауылға келді.Ш.Айманов атындағы мектеп интернатының оқушылары мен әкімшілігі жылы лебізбен қарсы алды. Кешке баскетбол мен волейболдан жолдастық кездесу ұйымдастырды. Мектеп директоры бізге сәттілік тіледі.
Біздің қыздар командасы жеңіл атлетикадан қалалық жарыстарда 1 орын алды.Жеке шоттан өздерін көрсеткендер: Рахимова Карина-1 орын 100м, 1-200м, Микина Кира-2 орын 1500м және 2 орын 3000 м, Цечоева Хадишат -1 орын 800 м, Яворская Виктория 2 орын 800м.Құттықтаймыз!!!
3Б сынып оқушысы Беневская Амелия ментал математикадан халықаралық олимпиадада 2 орын алды. ҚҰттықтаймыз!!!
Қалқаман ауылында біздің жүгіру қатысушылары Ұлы Отан соғысы Батырларының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды
Красилов Илия мен Седлецкий Алексей робототехникадан аймақтық жарыстарда 1 орынға ие болды Құттықтаймыз!!!
29 сәуірде "К.Макпалеев атындағы №4 ЖОМ"-нде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өлкетанудан 5А,6А,7А сыныптарында бірыңғай сабақ өтті. Мақсаты: Павлодар өңірінің мұрасын зерттеу. Тарих мұғалімі Мұратова Н.М. Павлодар қаласы, Павлодар ұлы даласының 7 қыры туралы 10 қызықты фактілер туралы әңгімелеп берді
2019 жылғы 29 сәуірде "К.Макпалеев атындағы №4 ЖОМ" және №41 мектебінің оқушылары алғаш рет Ұлы Отан соғысы Батыры Қанаш Қамзинге,Жеңістің 74-жылдығына,Нұр-Отан партиясының 20-жылдығына және Жастар жылына арналған жеңіл атлетикалық жүгіруге кетті. Жүгіру барысы: Павлодар- Қалқаман- Екібастұз, Майқайың-Баянауыл-Қарағанды.
Хабиров Данил, Ерыгин Богдан және Сотнтков Артем Бард әні-2019 аймақтық конкурсында 3 орынға ие болды. "Музыкалық үзіліс" жігіттер триосын құттықтаймыз!!!
Бүгін дарынды балалар үшін облыстық лицейде "Ұлы даланың жеті сыры" зияткерлік-танымдық конкурсы өтті. 6А сынып оқушылары Дартаев Алишер, Беляева Екатерина, Мұрат Нұрай,Сауырбаев Мерхат қатысып,1 орын алды.Құттықтаймыз!!!
Текстознайка қалалық конкурсында Мүрсәлім Шыңғыс 3 жүлделі орын алды.ҚҰттықтаймыз!!!
Бүгін 2019 жылы 20 сәуірде мұғалімдер арасында жеңіл атлетикадан 48- спартакиада өтті. Жеке есепте келесі орындарға ие болды:Бельская А.Ж.-3 орын, Есенқұлова Т.Ж.-3орын, Дьяченко В.А.-3 орын, Теньковский Ю.П.-4 орын, Назымбеков А.Б.-8 орын.
6"А" сынып оқушысы Красилов Илия робототехникадан жарыстарда қола медаль алды.Құттықтаймыз!!!
16 сәуірде "Мектептегі адамгершілік-жыныстық тәрбие" атты қалалық семинар өтті.Семинарға тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары,балалар психоневрологиялық денсаулық орталығының мамандары, облыстық психоневрологиялық диспансердің психологі Невельцова А.А., қалалық 1 емхананың психологі Габдуллина З.Н. ,"Аналар үйі" орталығының кураторы,Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы Шәкенов С.С. қатысты.Мұғалімдер семинардың практикалық бөлімін ұсынды."Ұлдар мен қыздар арасындағы до
