24қаңтарда 7а сыныбы "Ертіс " мұражайында өтіп жатқан Абай Құнанбаевтың көрмесіне барды. 5е сыныбы да мұражайды тамашалады.ді.
2020ж.23.01 "К.Макпалеев атындағы ЖОМ"базасында қалалық психолог-медициналық педагогикалық кеңес беру мамандарымен жақын орналасқан мектептері мұғалімдеріне "Инклюзивті білім беру жағдайында балаларды сүйемелдеу" тақырыбына семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты: жалпы білім беруге енгізілген ЕБТ оқушыларына педагогикалық қолдау технологиялары мен мазмұнын,бағыттарын талқылау үшін диалог алаңын құру.
22 қаңтар күні "Ertis" мұражайында Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлының мұражайы жылжымалы экспонаттар көрмесі ашылды. Павлодар қаласының К. Макпалеев атындағы 7-9 сынып оқушылары көр...
"Қар десенты-оқушылар десанты" акциясы барысында 9 "А" және 9 "Б" сынып оқушылары аға вожатый А.А.Байтанатовамен А.А.Ерғалимова әжейге үй алаңын қардан тазалауға көмектесті.
Мектепте "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы аясында мұғалімдер: Ш.Р.Сәрсенбек,С.Н.Бақасова,Е.В.Плитко,А.С.Қайырбекова
"Өрлеу" БАҰО курсының тыңдаушылары үшін оқу-тәрбие үдерісінде адамгершілік-рухани білім кірістіру бойынша ашық сабақтар өткізді.
16 қаңтарда 8-11 сынып оқушылары үшін "Адалдық сағаты" сынып сағаты өткізілді. Балаларға "Адал болу деген не?" презентациясы ұсынылды,одан кейін пікірталас болды.
2020 15 қаңтарда Павлодар облыстық психологиялық денсаулық орталығының көмек беру қызметінің маманы А.А.Небельцова 7-8 сынып оқушылары үшін жаттығу өткізді.
Бұл шараның мақсаты:Жағымды өмірлік бағыттарға негізделген оқушылардың мотивациясын қалыптастыру, баланың дамуына ,қалыптасуына кері әсер ететін "снюс","насыбай" туралы ақпарат беру.
2020ж.12.01 "Зеленая роща Ертіс" шаңғы базасында И.И.Коваленконың естелігіне шаңғымен жүгіруден жарыстар өтті. "К.Макпалеев атындағы ЖОМ" дене шынықтыру мұғалімі Владимир Александрович Дьяченко жарысқа қатысып,10шақырым қашықтыққа шаңғымен жүгіруден 1 орын алды.
Құттықтаймыз!!!
2020ж.12.01 "Зеленая роща Ертіс" шаңғы базасында Иван Иванович Коваленконың естелігіне шаңғымен жүгіруден жарыстар өтті.
"К.МАкпалеев атындағы ЖОМ" оқушылары қатысып, келесі орындар алды:
3 орын-Яницкий Артем-7 "В" сынып 1 км қашықтықта,
4 орын-Михайлов Иван-11 "А" сынып-*1 км қашықтықта
9 орын-Пестерев Иван-8 "В" сынып-1 км қашықтықта
10 орын- Жамиева Диана-8 "В" сынып -1 км қашықтықта
Құттықтаймыз!!! Табыс тілейміз!
Бірнеше жыл қатар біздің балалар педагогтар сүйемелдеуімен қыста да,жазда да Бурабайға барады.Бұл демалуға, күш жинауға тамаша орын.
2020 ж.9 қаңтардан 3 тоқсан басталуымен мектепте 1-4 сынып оқушыларына кешенді түскі тамақ түрінде тегін тамақтандыру ұйымдастырылды. Кешенді түскі тамақ бірінші,екінші тағам, шай,нан,балдан тұрады.Тегін кешенді түскі тамағына бастауыш сыныптың 700 оқушысы қамтылды.
2020 ж.8 қаңтарда Инновациялық орталықта "Өзін-өзі тану және басқа пәндердің интеграциясы" тақырыбына облыстық семинар өтті. Баяндама тарих мұғалімі Н.М.Мұратова жасады.
6 "А" және 6 "Б" сынып оқушылары Қазақстандағы тұңғыш ара шаруашылығы мұражайына барды.Мұражай құру мақсаты: жергілікті өндірушілердің өнімін насихаттау. Мұражайда Қазақстандағы және облыстағы ара шаруашылығының даму тарихын білуге болады. "Бал дәріханасында" прополиспен қатты кәмпиттер, бал алмалары,бал, басқа да өнім сатып алуға болады.
2020 ж.07.01 Рождествоға арналған шаңғымен жүгіруден облыс Чемпионаты өтті. "К.Макпалеев атындағы ЖОМ" дене шынықтыру мұғалімі Дьяченко Владимир Александрович қатысып,10 км қашықтықта 2 орын алды.
Құттықтаймыз!!!Табыс тілейміз!!!
Бүгін біздің мектепте "Сабақ жоспарлау үдерісінде тиімді формативті бағалау" тақырыбына жаттығу-семинар өтті. семинар модераторы жаттықтырушы И.И.Айдарханова.Семинар қызық және пайдалы болды. Ирина Ивановнаға семинар үшін көп рақмет!
4 "Б" сынып оқушылары мектеп ардагері Екатерина Максимовна Лищенконы Жаңа жылмен құттықтады.
Құрметті әріптерстер, ата-аналар, оқушылар!
Сіздерді Жаңа 2020 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа жыл Сіздердің барлық...
Біздің мектеп оқушылары үшін Жаңа жылдық таңертеңгіліктер өтті.Оқушылар Жаңа жылдың символы "Тышқанды" құттықтады. Балалар күтпеген мерекелік атмосферада болды,қызық конкурстарға қатысты.Аяз Ата келісімен ән-бимен нағыз мереке басталды.
Әр адам Жаңа жылдан көп жақсылық күтеді,үміттенеді.Бұл мереке әр адамның,әсіресе,баланың жүрегінде.Бүгінгі Жаңа жылдық балалардың карнавалында әдемі шырша қасында қызық ойындар,билер,көңілді хоровод болды.Әр бала сыйлық алды.
Бүгін біздің мектепте жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар және көп балалы отбасыдан балалар үшін Жаңа жылдық таңертеігілік өтті. мерекені мектептің қайырымдылық кеңесі ұйымдастырды.
Төрайымы Темірханова Б.Б. балаларды Жаңа жылмен құттықтады.Балалар ән айтты,би биледі.Мереке соңында балаларға сыйлық берді.
