"Спорттағы жеңіс-қоржындағы жеміс"
№19 ЖОМ-ің 9 сынып оқушысы Аюпов Нұрсұлтанды, кезекті жеңісімен қөұттықтаймыз! Шымкент қаласында "Муай тай" спорт түрінен өткен қала әкімінің кубогінде жүлделі І орын және кубоктің иегері атанды. Жарайсың Нұрсұлтан!
"Ұлы Отан соғысы" 72 жыл
4 мамыр күні, ИнЕУ колледжінде Ұлы жеңістің 72 жылдығына орай арнайы іс-шара өтті. Мерекелік шараға колледж ұстаздары,студенттер Ұлттық гвардия сарбаздары және соғыс жылдары неміс лагерінде тұтқында болған Загайнова Екатерина Игнатьевна қатысты. Екатерина Игнатьевна соғыстың ауыртпалығы мен тұтқындағы аяусыздықтар жайлы баяндап берді. Колледж директоры Таженов Шалқарбай Әміржанұлы ҰОС-ы жайлы тың деректерімен бөлісті. Ұлттық гвардия офицерлері оқушыларға отаншылдық ,елді-жерді сүю жайлы ойлар
«Подвиг павлодарцев в памяти народной».
02.05.2017 года в 10.00 состоялось торжественное открытие Вахты Памяти – ПОСТ №2 у памятника Герою Советского Союза Канашу Камзину, посвященное 72-ой годовщине со дня Победы в Великой Отечественной войне «Подвиг павлодарцев в памяти народной».
"Жаңа жұлдыз" Балалар мен жасөспірімдердің ІІ халықаралық фестиваль-сайысы...
Астана қаласында өткен "Жаңа жұлдыз" Балалар мен жасөспірімдердің ІІ халықаралық фестиваль-сайысында жүлделі І және ІІ орынды иеленген №19 мектептің оқушысы Сейтбек Аяжанды жеңісімен құттықтаймыз!
Х қалалық "Мәшһүр-Жүсіп оқулары"
Павлодар қаласының №19 жалпы білім беретін орта мектебінде дәстүрлі "Мәшһүр-Жүсіп оқулары" -өтті. Мектебіміздің 10 сынып оқушылары Жангірова Гүлзада мен Кеңесбай Меруерт бас жүлдені қанжығаларына майласа , 5 сынып оқушысы Көпеев Нұрлан І орынды қанағат тұтты. Құттықтаймыз!
10-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА
Математика-жаратылыстану бағытының 4 пәні бойынша 10-сынып оқушыларының арасында Президенттік олипиаданың қалалық кезеңі 2017жылдың 25 сәуірінде № 43 орта жалпы білім беру мектебінде өткізілді. Олимпиаданың қалалық кезеңіне 43 оқушы қатысты. №19 мектептің 10 сынып оқушысы Қадылбек Гүлжан математика пәні бойынша ІІІ орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!
Қалалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімаздарына білім бөлімінің мадақтамалары табысталып, олар математика, биология, физика, химия пәндері бойынш
"Балауса" балалар шығармашылығының байқауы
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырған дәстүрлі "Балауса"балалар шығармашылығы байқауы өз мәресіне жетті. Жас жеткіншектерді өнер әлеміне жетелеу, оларды шығармашылық рухта тәрбиелеу мақсатында аталмыш байқау жылма-жыл өткізіліп келеді. Биыл қала мектептерінен қатысушылардың көбеюі қуантады. Олар өз шығармаларына Тәуелсіздік, Желтоқсан көтерілісі, спорт, туған жер және басқа тақырыптарды арқау еткен. №19 мектеп осы фестивальдің лауреаты атанып биіктерден көрінді.
"Қауіпсіз интернет" науқаны
Мектебімізде 2017 жылғы 17 сәуір мен 24 сәуір аралығында "Қауіпсіз интернет" науқаны өткізілді. Науқан кезінде "Қауіпсіз интерне", "Интернет деген не?" сынып сағаттары, "Интернет желісінде қауіпсіздік негіздері" атты дөңгелек үстел өткізілді.
"Мектеп тазалығын сақтауда сенбіліктің орны зор"
Жыл мезгілі ауысып шуағын төккен көктем мезгілі жеткенде қалада бүкілқалалық сенбіліктер ұйымдастырылып, қала қауымын еңбекке ортақтастыратыны баршамызға мәлім.
Дәл осындай сенбілік біздің мектепте тұрақты түрде өткізіледі.Мұғалімдер, оқушылар екі қолға күрек ұстап, білек сыбана мектеп аумағын қоқыстан тазалап, жайқалған теректер өскен топырақты қопсытуды әдетке айналдырып жүр. «Еңбек түбі-береке», «Еңбек етсең емерсің» деген мақалды жадынан шығармайтын №19 мектептің ұжымы осы атаулы шараларға қ
"Ұстаз ұлағатты есім"
Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді демекші, бүгінде мұғалімдерге қойылатын талап жоғары. Кәсіби шыңдалуы мен қатар білімі де жоғары болу керегі шарт. №19 мектептің ұстаздары ХІІІ қалалық мұғалімдер олимпиадасында жүлдеге ілігіп мектеп мерейін бір асқақтатып тастады. ІІІ орын алған Марат Байдолда мен Кокишева Дария мұғалімді, ІІ орын алған Бигүл Қазтайқызын құттықтаймыз!
ПЕДАГОГ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ
2017 жылдың 14 сәуірінде Павлодар қаласының әдістемелік кабинеті «Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндіктерді жетілдіре отырып дамыту, дәстүрлі емес педагогикалық идеяларды іздестіретін, кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және ынталандыру. Конкурсқа 20 педагог қатысты, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиеші және 14 мектептің 19 мұғалімі.
Сарап
"БИІКТЕРГЕ БІРГЕ"
"Менің елім" Самұрық қазына АҚ ұйымдастыруымен өткен үздік спорттық жоба сайысында арнайы Сертификатты жеңіп алған №19 ЖОМ ұжымын құттықтаймыз!
Павлодар облысы білім беру ұйымдарының арасында өткен осы жобаға қаламыздың 44 мектебі қатысып 20 мектеп жеңімпаз болып танылды.
"Махамбет оқулары"
Павлодар қаласында мектеп оқушыларының "Махамбет оқулары" өз мәресіне жетті. №19 мектептің оқушысы Бауыржанқызы Жаннель жүлделі ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"Мықтылық мұратсыз келмейді"
№19 мктептің 9 сынып оқушысы Абдыханова Аружан тоғызқұмалақтан ҚР чемпионатына қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды. Аружанды осы жеңісімен құттықтаймыз!Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда демекші Аружанға биіктерді бағындыра бер дегіміз келеді...
"Жас Star"KZ
Астана қаласында өткен "Жас Star"KZ халықаралық ән байқауында №19 мектептің 4 сынып оқушысы Манап Гулдана жүлделі І орынды жеңіп алды.Құттықтаймыз!
"Ақ ладья"
Павлодар қаласында шахматтан "Ақ ладья" турнирі өтті. Осы додада №19 мектептің шахмат командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"PSU VOICE" ПМУ-і ректорының грант иегері аталуына арналған І облыстық фестиваль-сайысы
11 сынып оқушылары арасында "PSU VOICE" ПМУ-і ректорының грант иегері аталуына арналған І облыстық фестиваль-сайысында жүлделі І орын дипломымен №19 метептің 11 сынып оқушысы Жакен Айжарқын марапатталды. Құттықтаймыз!
"Қазақстан Республикасының чемпионаты"
10-17 наурыз аралығында Астана қаласында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтті. 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы додада №19 мектептің 10 сынып оқушысы Сүлейменов Алишер ІІІ орынды қанжығасына майлады. Құттықтаймыз!
"Бейіндік оқытуды ұйымдастыру"
Бейіндік оқыту дегеніміз кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.
Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басты мақсаты мектептерге оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға арналған құзіреттілігін қалыптастыру және і
"Асыл тастан,ақыл жастан"
2016-2017 оқу жылындағы бастауыш сыныптар арасындағы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХІІІ қалалық сайысында жүлделі І орынға ие болған №19 мектептің 1 сынып оқушысы Әлімжан Бақытбайды құттықтаймыз!