Мектепшілік пән олимпиадасының қорытындысы бойынша 5 "А" сынып оқушыларын жеңістерімен құттықтаймыз!
"Актер шеберлігі" үйірмесіне жас, дарынды өнерпаздарды шақырамыз. Сахна шеберінің қыр - сырын үйренгілеріңіз келсе асығыныздар! Актер боламын деген көкейдегі арманға жету үшін сахна тілі, сахна қозғалысы пәндерін жетік меңгерген ләзім. Сол үшін біздің мектепте АКТЕР ШЕБЕРЛІГІ үйірмесі ашылды.
5-9 сынып оқушыларын шақырамыз. Үйірме жетекшісі Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыка - драма театрының актрисасы Тасбулатова Айзана.
1 - ші ЖОМ "Балдырған" шағын орталығының тәрбиеленушілері: Смайлов Ілияс, Сыздыков Айдар, Қаби Айдар күзгі "Үркер" марафонына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар тәрбиеші М.Т. Садвакасова дипломмен марапатталды.
2019 жылдың 6 қараша күні 9-11 сыныптар аралығында қалалық "Жас Отан" филиалының төрағасы Уалиханов Қаиргелді Қанатұлы, филиалдың белсенді тұлғасы Кабдуллаева Анар Акыбекқызының қатысуымен "Адалдық сағаты" өтті.
4 қараша күні қалалық "Мағжан Жұмабаев" оқулары өтті. Мектебіміздің 7 Б сынып оқушысы Мукушева Адема "Толқынмен толқын сырласып ..." бағыты бойынша 3 - орынға ие болды. Құттықтаймыз!
По окончанию отборочного турнира Чемпионата Казахстана по шахматам ученик 8 Б класса Балмагамбетов Тимур занял 1 место!Поздравляем!
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысының (ПИ-29923) жобасы 2019 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданғанын хабарлайды.
Жоғарыда көрсетілген жоба аясында "тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызметі ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап алып тасталады.
"Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында балаларға халықтық өнерге деген сүйіспеншілікті ояту және қазақ аспатарын дамыту мақсатында "Мектепте домбыра сыйла!" акциясы басталды. Акцияға мектеп оқушылары және мектеп түлектері қатыса алады.
Профсоюзный коллектив школы участвовал в "Педагогическом брейн - ринге 2019" организатором которого выступила городская профсоюзная организация.
Наша команда заняла достойное третье место. Показала свою сплоченность, креативность в подготовке приветствия. Знание трудового законодательства Республики Казахстан и решения любых трудовых споров!Молодцы! Так держать!
Республиқалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде "Адам және қоғам", "Этномәдениет тану" біздің оқушыларымыз 10 "А" сынып оқушылары Байкадамов Айдос 2 орын, Хорошева Ангелина 3 орын және 8 "Б" оқушысы Кабиден Асия 3 орын дипломдарымен марапатталды. Қүттықтаймыз!
Күзгі демалыс кезінде 5 "Б" сыныбы "Мұражай достарын шақырады" атты акция шеңберінде Павлодар облыстық көркемсурет мұражайына саяхаттап уақытты танымды және пайдалы өткізді.
6 "А" және 6 "Б" сынып оқушылары арасында "Жұлдызды сәт" атты интеллектуалды ойыны өтті. Балалар екі топқа бөлініп сайысты.
6 "Б" сыныбының "Жұлдыздар" командасы 1 орынға, 6 "А" сыныбының "Каһарман" командасы 2 орынға ие болды.
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары "Зерде" республикалық конкурсы облыстық кезеңінің жүлдегері 3 сынып оқушысы Ибрай Інжу.
Учащиеся 7 "А" класса посетили кинотеатр имени Ш.Айманова, просмотрев фантастический фильм "Малифисента".
7 "Ә" сынып жетекшісі Г.Б. Жантемирова оқушылармен Шакен Айманова кинотеатрына "Томирис" фильмін көріп, тамашалап қайтты.
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылармен бірге Ш. Айманов атындағы кинотеатрға барып, "Урфин Джюс возвращается" атты мультфильмін тамашалап қайтты. Оқушылар жақсы әсер алып, көңіл көтерді.
2019 жылдың 28 қазан күні 1 "А" сынып оқушылары "Шебер қолдар" іс - шарасына қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды.
2019 жылғы 25 қазанда "Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" тақырыбында сынып сағаттары түрлі формада өтуде.