
Бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешілері арасында «Интерактивті өрнек» тілдік дағдыны дамыту бойынша ойын – таныстыру сырттай конкурсы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық жұмыскерлердің біліктілігін арттыру институты» «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы» АҚ өтті.

Бұл адамдарсыз өмір сүру мүмкін болмас еді, 2 қазанда осы дәрежеге жеткізген қарттарымызды құттықтап қарсы алдық.

Абаттандыру бойынша айлық шеңберінде 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында балабақшаның жұмыскерлері сенбілік өткізді.

Балабақшада жыл сайын табиғи материалдардан қолдан жасалған бұйымдардың көрмесі өтеді. «Көкөністер мен жемістерден жасалған ғажайыптар» атты конкурсқа ата – аналар мен олардың балалары сонымен қатар педагогтар қатысты.

Бүгін балабақшада таңертеннен көңілді. Әдемі киінген мектепке дейінгі жастағы балалар шарларымен, гүлдерімен балабақшаға асығуда, себебі бүгін еліміздің барлығы жаңа оқу жылы басталғанын қарсы алуда.
БЕЛГІЛЕНГЕН ПЕДКЕҢЕС
Бүгін 31 тамызда біздің мектепке дейінгі мекемеде жылдық жоспарды жүзеге асыру шеңберінде Белгіленген педкеңес өткізілді.
КІТАПХАНАҒА САЯХАТ
Даярлық топтың балалары № 6 балалар кітапханасына барды. Бізге қызықты саяхат ұйымдастырды, шет ел және халық шығармашылығымен олардың авторларымен және туындыларымен таныстырды. Біз әр түрлі ертегілер бойынша ойындар ойнадық, жарыс ұйымдастырдық.

Біздің тәрбиеленушілер № 31,37,82 балабақшалар арасында өткен шашки турниріне қатысты. Ол барлық ережелер бойынша өтті: ойын ережесінің орындалуын бақылайтын әділқазылар болды және жанкүйер көрермендер, өлеңдер оқыған, ән салған, би билеген қолдаушы топтар да болды.

Балабақшада нептундер күні аталып өтті. Қонаққа балаларға теңіздер мен көлдердің патшасы, Нептун және оның көмекшісі Тамшы ертегі кемесімен жүзіп келді. Ол адам өмірінде судың пайдасы, су астындағы әлемнің сан алуандығы туралы балаларға әңгімеледі, су туралы көптеген жұмбақтарды балаларға жасырды.

Жаз – барлық балалар үшін ұзақ күткен және ең сүйікті жыл мезгілі, ауа – райының жылы күндері уақытты күн бойына далада өткізуге болады. Мектепке дейінгі мекеменің жазғы кезеңдегі жұмысындағы маңызды сауалдардың бірі балалардың бос уақытын ұйымдастыру болып табылады.

2017 жылғы 4 шілдеде қалалық іс – шаралар шеңберінде балабақшада «Туған күніңмен, Астана!», «Барлық ел сені мақтаныш тұтады!», Астанам менің гүлдене бер, бақыт пен қуаныш саған, Астана!!» тақырыптарына флешмоб ұйымдастырылды.
ЖАРҚЫН ҚАЛА АСТАНА!
Балабақшада Астананың туған күніне арналған ойын – сауық өтті. Таныстыру көрсетілімінде балалар қаланың көз тартарлық жерлерін көрді, өлеңдер оқыды және қалаға сыйлық ретінде асфальтта сурет салды.

Балалар үшін ЖҚЕ арналған – Бағдаршамдар ғылымы мектебі мерекесі өтті. Балаларды екілік алатын - Аня есімді қыз, мұғалім Светофор – Светофорыч және ЖҚЕ мұғалімі қарсы алды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ
Қазақстанның мемлекеттігі нышаны және оның егемендігі Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Қазақстан Республикасының Әнұраны болып табылады. Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған жоспарланған іс – шаралар шеңберінде, балабақшаның ересек тобының тәрбиеленушілері Мемлекеттік Рәміздер алаңына барды.
КІТАПХАНАҒА САЯХАТ
2017 жылғы 2 маусымда балабақшаның ересек топтарының тәрбиеленушілері № 4 балалар кітапханасына барды. Кітапханада балаларды жылы қарсы алды. Балаларға кітапханада – бұл кітаптардың сақталатын орны, ол не үшін қажеттігін әңгімеледі, қоғамдық орындағы тәртіп ережелерімен таныстырды.

Балабақшаның қызметкерлері балаларға көңіл күй, бақыт, сүйіспеншілік, мейірімділік, жылу, күннің сәулесін сыйлады. Балаларға қонаққа сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлері келді, оларды мектепке дейінгі жастағы балалар қуанышпен және сүйсіне қарсы алды.

Бітірушілердің көптен күткен ертеңгілігі де, сонымен қатар балабақшадағы соңғы күнде келді.

«ЖАУҚАЗЫН» VI ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ» АЛИХАН УРАЗКЕНОВ ЖӘНЕ АЛИНА ЕРЕМИШИНА!
СЕНІҢ ЕРЛІГІН ЗОР, БІЗДІҢ РУХЫМЫЗ МӘҢГІЛІК!
Ұлы мереке Жеңіс күні қарсанында балабақшаның тәрбиеленушілері фашизмге қарсы күресте қаза тапқандарды бір минуттік үнсіздікпен еске алды және Даңқ ескерткіші мен ауған – жауынгерлері ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

4-5 мамыр балабақшаның мектепалды топтарында Ұлы Жеңістің – 72 жылдығы мен Отанды қорғаушылар күніне арналған дене шынықтыру ойын – сауығы өтті.