"Сиқырлы қоңырау"
Балабақшада ортаңғы топ және екінші кіші топ бүлдіршіндері арасында жаңа жылдық мереке өткізілді. Қонаққа қоян мен Жалмауыз кемпір келді. Ең басты көрнекілік сиқырлы қоңырау болды. Балалар ән айтып, би биледі. Ата - аналар балаларына арнап арнайы киімдер дайындаған. Мереке өте қызықты өтті!
"Теңіз патшалығында қонақта"
23 желтоқсан күні ортаңғы Б және ортаңғы В тобында жаңа жылдық мереке өткізілді. Балалар теңіз патшалығында және су перісінде қонақта болып, ән шырқап, би биледі. Жаңа жылдық костюмьдер киген бүлдіршіндер мерекенің ажарын ашып, ертеңгілік өте көңілді өтті.


