ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық жас суретші «Мен суретшімін» номинациясының жүлдегері
19-10-2020 12:16
Павлодарлық жас суретші «Мен суретшімін» номинациясының жүлдегері

«Туған жерім» XV халықаралық балалар суреті байқауының жеңімпаздарын марапаттау 2020 жылдың 15 қазанында онлайн режимде өтті. Байқау 2020 жылдың жаз айында Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Байқаудың ұйымдастырушылары - «Байта» Қазақстанның шығармашылық бастамалары мен мәдени мұрасын қолдау қайырымдылық қоры, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы педагогтарының Халықаралық Одағының өкілдігі, «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығы, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЮНЕСКО балалар көркемсурет мектебінің клубы.

Павлодар қаласының ЮНЕСКО клубы - балалар көркемсурет мектебінің 10 оқушысы ішінен 15 жастағы Прудникова Анель жеңімпаз атанды. Ол «Мен суретшімін» номинациясында «Графика» техникасында түрлі-түсті қарындаштармен орындалған «Күн палитрасы» суреті үшін III дәрежелі диплом алды. Оның ұстазы Кузнецова Лариса Алексеевна: «Анель өте талантты, шығармашылық қыз. Мектепте оқыған жылдары 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Весенняя капель» республикалық байқауының жеңімпазы, 2018 жылы «Птичий перезвон» республикалық байқауының жүлдегері болды.