ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Лингвистика бойынша 18 павлодарлық оқушы жүлделі орынға ие болды
20-10-2020 09:54
Лингвистика бойынша 18 павлодарлық оқушы жүлделі орынға ие болды

2020 жылы 16 қазанда онлайн режимде Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  лингвистика бойынша  республикалық  олимпиаданың  қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға  қаланың 23 жалпы білім беру мектептерінен 8 - 10 сыныптың 50 оқушысы қатысты. Мақсаты  - дарынды оқушыларды қолдау және дамыту,қолданбалы лингвистика бойынша білімін жетілдіру және тереңдету.

Олимпиада да  қатысушылар  туыс тілдердің салыстырмалы грамматикасына тапсырмалар орындады,  үндіеуропалық, енисей және  латин тілдерінен аударма жасады. Олимпиада қорытындысы бойынша 23 мектептен 18 оқушы  жүлделі орынға ие болды,сонымен қатар I орынға 3 оқушы  № 2, 14, 30 ЖОМ, II орынға - 7 оқушы ( № 6, 24, 29, 17, 37, №16, 20 лицей-мектептері), III орынға - 8 оқушы (№ 25, 26, 2 (2), 39, 13, № 16 лицей-мектебі, Жетекші ЖОМ).

Олимпиада жеңімпаздары № 2 ЖОМ 8 сынып оқушысы Бауыржан Азиза, № 14 ЖОМ 9 сынып оқушысы Богомолова Дарья, № 39 ЖОМ 10 сынып оқушысы Вакулина Диана. Қатысушылар тапсырма орындау кезінде көп ұпай жинады, ежелгі енисей, латин, кет тілдерінен жақсы нәтиже көрсетті. II дәрежелі диплом иегері  № 24 ЖОМ 8 сынып оқушысы Татаринцева Вероника кет тілінен орыс тіліне аударып жақсы нәтиже көрсетті.

Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» Орталығының сертификатын алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Жеңімпаздар қараша айында лингвистика бойынша облыстық олимпиадаға қатысады.