ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мұғалімдерінің 4 авторлық бағдарламасы республикада үздік деп танылды
21-10-2020 09:55
Қала мұғалімдерінің 4 авторлық бағдарламасы республикада үздік деп танылды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Үздік авторлық бағдарламалар» республикалық байқауының қорытындысы бойынша 2020 жылғы 20 қазанда жеңімпаздарды, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының 4 педагогін онлайн марапаттауы өткізілді.

II орынды № 28 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зәмзамгүл Қабдылжалелқызы Нұрғалиева және Павлодар қаласының № 111 балабақшасының тәрбиешісі Сәуле Бәшірқызы Абилова иеленді.

III орынды № 34 мектептің физика пәнінің мұғалімі Григорьева Наталья Валерьевна және Павлодар қаласының № 7 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қадырбаева Гүлжахан Раиимқызы иеленді.

Республикалық байқаудың барлық жүлдегерлері қалалық, облыстық «Үздік авторлық бағдарламалар» байқауларының жеңімпаздары, басқа да кәсіби байқаулардың қатысушылары. Зәмзамгүл Қабдылжалелқызы, «Жыл мұғалімі - 2019» қалалық байқауының «Үміт» номинациясы бойынша жеңімпазы, Гүлжахан Раиимқызы, «Жыл мұғалімі - 2018» қалалық байқауының «Шеберлік шыңына» номинациясы бойынша жеңімпазы, Наталья Валерьевна «Алдын ала ойлау, алға қарау, тек алға ұмтылу» республикалық бейнесабақтар байқауы үшін Алғыс хатпен марапатталды (2019 жыл).