ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушы «Бала дауысы» республикалық вокал байқауының жүлдегері
21-10-2020 11:11
Павлодарлық оқушы «Бала дауысы» республикалық вокал байқауының жүлдегері

Жыл сайынғы «Бала дауысы» республикалық вокалдық балалар байқауының V маусымының финалдық турында павлодарлық қатысушы - Қ. Мақпалеев атындағы мектептің 5 сынып оқушысы Лейла Цечоева облыс намысын қорғай алды. Қазақстан балалары арасындағы ең ауқымды ұлттық балалар ән байқауында Лейла II орын алды. Байқаудың финалында дарынды оқушы Әбдірахман Асылбек пен Иван Бреусовтың «Сенемін саған» атты авторлық әнін орындады. Лейла сайыстың 4135 қатысушысының арасында мінсіз дауысымен және харизмасымен ерекшеленді. 2016 жылдан бастап ол «Жұлдыз жарығы» ән театрында жеке, дуэтпен және топпен өнер көрсетеді, республикалық, облыстық, қалалық іс-шараларға, қайырымдылық концерттерге және жаңа жылдық мерекелерге белсенді қатысады.

Лейланың әдемі, таза дауысы, табиғи таланты және музыкалық инстинкті бар. Ол эстрадалық вокал санатындағы «Ашық әлем» халықаралық көпсалалы онлайн байқауының жеңімпазы. Ән айту - Лейла үшін сүйікті іс. Сонымен қатар, жас дарын волейболды жақсы көреді және ағылшын тілін үйренуде. Сондай-ақ, оқушы түрлі деңгейдегі пәндік зияткерлік олимпиадаларға, шығармашылық жобаларға, ғылыми байқауларға қатысады.