ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жылдың үздік психологі» облыстық байқауының қорытындылары
22-10-2020 12:39
«Жылдың үздік психологі» облыстық байқауының қорытындылары

2020 жылдың 20 қазанында өткен «Жылдың үздік психологі» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының 4 психологі жүлделі орындарға ие болды, 2 психолог үміткер атанды. Байқау талантты психологтарды анықтау және қолдау, олардың кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету мақсатында өткізілді.

Байқаудың қазылар алқасы кәсіби шеберлігін, психологиялық-педагогикалық қызмет саласында психолог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі анықтау қабілетін, білім беру үдерісінде психологиялық міндеттерді шешу және жобалау қабілетін, психолог мамандығы, өзінің кәсіби көзқарастары туралы ой-пікірлері бар эссені бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды № 17 дифференциалды оқыту бейіндік мектебінің педагог-психологі Овчарова Лиана Сергеевна, ІІ орынды инновациялық типтегі № 34 ЖОМ педагог - психологі Фольц Виктория Викторова, ІІІ орынды № 9 балабақшаның педагог-психологі Айгонова Айдана Еламанқызы, № 17 балабақшасының педагог - психологі Атласевич Светлана Михайловна иеленді.

Л. С. Овчарова «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе» атты II республикалық педагогикалық оқудың жүлдегері, «Заманауи сабақ - 18» интернет фестивалінің «Үздік психологиялық бағдарламалар» атты номинациясы (I дәрежелі дипломдар), «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының психологтарына арналған олимпиада (III дәрежелі диплом) жеңімпазы. Ол - «Мықты отбасы» халықаралық жобасының тренері, «Бағдар» кәсіптік бағдарлау орталығының моделін әзірледі, «Білім беру - нәтижеге бағытталған» жинағында жарияланымдары бар.

В. В. Фольц - психология бойынша республикалық қашықтық олимпиадасының облыстық кезеңінің жүлдегері (III орын), «Үздік баяндама» қалалық байқауының жеңімпазы (2020 жыл), психологтардың республикалық қашықтық олимпиадасының жүлдегері (II дәрежелі диплом, 2019 жыл), «Психология бойынша үздік авторлық бағдарлама» облыстық байқауының жүлдегері (II дәрежелі диплом, 2018 жыл)

«Психологиялық дәрі қобдишасы» номинациялары бойынша № 5 балабақшаның педагог-психологі Нұралина Әйгерім Серғазықызы, «Ең креативті психолог» номинациялары бойынша № 8 балабақшасының педагог-психологі Мұқанова Шолпан Тоқтарқызы марапатталды.