ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас домбырашылардың гран-приі
26-10-2020 12:22
Жас домбырашылардың гран-приі

2020 жылғы 12 қыркүйек пен 13 қазан аралығында Алматы қаласы өткен «Өнерге қанат қаққандар» II республикалық байқауында Павлодар қаласы № 24 ЖОМ-нің «Әсем қоңыр» домбыра ансамблі гран-при иеленді. Құрамында 5 сынып оқушылары Алтай Жаннұр, Кайргелдинова Назым, 6 сынып оқушылары Шабанбай Исмағұл, Черкиева Малика, 7 сынып оқушысы Алтынсарина Аружан, 8 сынып оқушысы Даулетбаева Дина бар 6 домбырашыдан тұратын ансамбль дипломдармен және медальдармен марапатталды. Биді, аспап жанрын, хореографияны, мәнерлеп оқуды, театр өнерін, бейнелеу өнерін, қолөнерді қамтитын байқау ұйымдастырушылары қатысушыларға жоғары талаптар қойды. Павлодарлық жас домбырашылар байқауда «Арман» халық күйін орындады.  

Ансамбльдің құрылғанына бір жыл болса да, олар көптеген байқаулардың жеңімпаздары. Аталған байқаудағы жеңіс алғашқы емес. Ансамбль музыканттарының бірі Черкиева Малика «Сәлем саған туған ел!» республикалық онлайн байқауында (2020 жыл) ІІ орынға ие болды.

Домбырашылар үйірмесіне 5 - 8 сыныптардан 48 оқушы қатысады. Ансамбль репертуары сан алуан. Музыканттар қазақ күйлерін, орыс халық әндерін орындайды. Ұжым өздерінің жаңа туындыларымен мектеп шараларына да қатысады. Биылғы оқу жылында музыканттар Тілдер, Денсаулық және Мұғалімдер күндеріне орай мұғалімдерге музыкалық сәлемдеме арнады. Қазіргі таңда ұжым сабақтарын қашықтық форматта өткізу арқылы шеберліктерін шыңдауда. Жас домбырашылардың жетістіктері олардың тәлімгері, домбыра шебері Бейсен Муфтанұлы Сатиевтің жоғары кәсіби маман екенін дәлелдейді, оның жетекшілігімен музыканттар домбырада ойнау шеберліктерін дамытады және жетілдіреді.