ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарда DARYN ECOART конкурсының жеңімпаздарын анықтады
27-10-2020 09:23
Павлодарда DARYN ECOART конкурсының жеңімпаздарын анықтады

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының «DARYN ECOART» конкурсының облыстық кезеңіне аудандық және қалалық кезеңінің жеңімпаздары 104 оқушы, сонымен қатар Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының 13 оқушысы қатысты. Конкурс 6 -10 жас аралығындағы 1 - 4 сынып оқушылары және 11 - 13 жас аралығындағы 5 - 6 сынып оқушылары арасында өтті.  Балалар 2 бағытта  жарысты: туған өлкесінің табиғаты мен пейзажы және қайта өңделген және жарамсыз материалдардан ең жақсы көркем қолдан жасалған бұйымдар конкурсы.

Әрбір қатысушы туған өлкесінің қоршаған ортасын ұқыпты қарауы,табиғаты мен пейзажы,экологиялық тақырыбына арналған, бес суреттен жұмыс топтамасын ұсынды. Жұмыстар келесі критерийлерге сәйкес болу керек: автор ойының толық ашылуы, бірегей идеясы және шығармашылық тәсілдемесі, орындау техникасының деңгейі, жұмыс рәсімдеу эстетикасы,орындалған жұмыстың сапасы:беріктігі, тұрақтылығы.

Конкурс қорытындысы бойынша облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 59 оқушы облыстың білім беру басқармасының  дипломына ие болды, оның ішінде бірінші дәрежелі дипломға  14 адам, екінші дәрежелі - 19, үшінші - 26. Жеңімпаздар  мен жүлдегерлер арасында 11 оқушы Павлодар қаласының 13  білім беру ұйымдарынан.

I дәрежелі дипломмен «Изготовление скульптур малых форм из дерева» номинациясында тақтайдан,ағаш қиындысынан, кепкен ағаш бұтағынан, лактан дайындалған  «Күз» қолдан жасалған бұйым үшін, Кенжекөл ЖОМ 6 сынып оқушысы Харисов Самигулла, «Художественная обработка дерева, кости, кожи» номинациясында қабықтан, сабан, сағызқарағай түйінінен жасалған «Осенний букет» қолдан жасалған бұйым үшін, «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі Арманова Данель, «Менің Отаным» номинациясында «Мечеть имени Машхур Жусупа», «Чертово колесо», «Деревья в лоскутках», «Дом с часами», «Набережная» суреттер топтамасы үшін - Б. Момышұлы атындағы 4 сынып оқушысы Адилова Дильжан  марапатталды.

II дәрежелі дипломмен «Модель народной одежды с элементами национального орнамента» номинациясында «Диадема» қолдан жасалған бұйым үшін, Кенжекөл ЖОМ 5 сынып оқушысы Кұдайбергенова Ясмин,   «Этюд» номинациясында  «Күздің табиғи бояулары - Природные краски осени» суреттер топтамасы үшін № 37 ЖОМ 3 сынып оқушысы - Асылгожина Динара, «Пейзаж» номинациясында «Жасыбай» суреттер топтамасы үшін - Нурханова Аружан, «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі марапаталды.

III дәрежелі дипломмен «Пейзаж» номинациясында «У природы нет плохой погоды» суреттер топтамасы үшін № 41 ЖОМ 3 сынып оқушысы Кусаинова Салима, «Изготовление текстильных изделий» номинациясында  әртүрлі түсті жүннен, А4 картоннан, матадан және жақтаудан жасалған, «Кең дала» қолдан жасалған бұйым үшін - Кенжекөл ЖОМ 6 сынып оқушысы Мұратова Рахима, «Менің Отаным» номинациясында «Табиғатым - байлығым» суреттер топтамасы үшін - № 1 ЖОМ 1 сынып оқушысы Қанат Айтуар, «Менің Отаным» номинациясында «Родной мой Казахстан» суреттер топтамасы үшін   - М. Әуезов атындағы  4 сынып оқушысы Айтбаева Айым,  «Менің  Отаным» номинациясында «Люблю тебя, мой Казахстан» суреттер топтамасы үшін - М. Әуезов атындағы  4 сынып оқушысы - Мухамбетова Амина марапатталды.

Ең жақсы жұмыстар DARYN ECOART қолдан жасалған бұйымдар және суреттер республикалық экологиялық  конкурсқа жіберілді, сонымен қатар Харисова Самигулла, Арманова Данель, Адилова Дильжанның жұмыстары. Облыстық кезеңнің барлық қатысушыларына қатысқаны үшін  сертификаттар берілді.