ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Алтын күз» халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздары
27-10-2020 12:52
«Алтын күз» халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздары

«Алтын күз» IV халықаралық шығармашылық байқауында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Эмералд» бөлімшесіндегі «Айналайын» би ұжымы «Хореография» номинациясы бойынша  11 - 14 жас аралығындағы  балалар арасында жеңіске жетті.

Би ұжымы байқауда «Саябақтағы күз» атты эстрадалық биін орындады. Ұжымның құрамында клубтың  келесі 7 тәрбиеленушісі қатысты: № 21 ЖОМ 6 сынып оқушылары Аскарова Айдана, Есепбаева Рабиға, Уюкпаева Мадина, Ксенофонтова Ангелина, Альбина Абдулина, 8 сынып оқушысы Саулеханова Шырайлым, 4 сынып оқушысы Кежегали Диана. Байқаудың қорытынды нәтижесі бойынша «Азбука.kz» Халықаралық білім беру порталының І дәрежелі дипломмен марапатталды, ұжым жетекшісі Сагиева Зарина Ерлановна, қосымша білім беру педагогі жеңімпаздарды дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.

- Клубта «Айналайын» би үйірмесі 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Үйірмеде 6 - 14 жас аралығындағы 40-тан астам тәрбиеленуші бар, - дейді би ұжымының жетекшісі.

Байқау 2020 жылғы 1 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің балалары, педагогтары мен тәрбиешілері арасында өтті. Басты мақсаты - өз Отанына деген сүйіспеншілік, өз өлкесіне ыстық ықыласпен қарау, эстетикалық тәрбие беру және жәрдемдесу балалар көркем шығармашылығы үшін жағдай жасау, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру.