ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің жас педагогтарына әдістемелік көмек
30-10-2020 11:01
Қала мектептерінің жас педагогтарына әдістемелік көмек

Павлодар қаласының білім беру бөлімі № 34 инновациялық үлгідегі мектептің педагогикалық ұжымымен жас мамандардың «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мұғалімнің инновациялық қызметі» онлайн кездесуін өткізді. Мақсаты - жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсету, қала мектептерінің үздік мұғалімдерінің жұмыстарын көрсету. Семинарға ағымдағы жылы келген 118 жас маманның барлығы қатысты.

Кезекті онлайн-кездесуде жас мамандардың алдында Білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменовна Нурахметова, № 34 жалпы орта білім беру мектебінің директоры Болат Капкенович Айгожин, мектеп директорының орынбасарлары Илья Олегович Поляков, Наталья Анатольевна Устина, Алибек Бейсенович Толеуов, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагог-зерттеушілер, сарапшылар, қалалық, облыстық және республикалық кәсіби конкурстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, жас және тәжірибелі оқытушы-тәлімгерлер, мектеп жаттықтырушылары сөз сөйледі.

Білім беру мазмұнын жаңартудың жаңа жағдайларында мұғалімнің инновациялық қызметін ұйымдастыруда интерактивті формаларды тәжірибеде қолдануды № 34 мектептің тәжірибелі және жетекші мұғалімдері, облыстық және қалалық кәсіби конкурстардың жеңімпаздары көрсетті.

Директор орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог - 2019» республикалық конкурсының жеңімпазы Илья Олегович Поляков «STEAM – білім беру. Жаратылыстану-математика пәндерін оқытуды қалай қызықты етуге болады» жобасын ұсынды. Биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Виктория Викторовна Бедринец жас әріптестерін қашықтықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларының тиімді құралдарымен таныстырды. Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Наталья Анатольевна Устина оқушылармен қашықтықтан өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың құралдары мен тәсілдері: қалай оқыту және оқу керек жөнінде Workshop ұсынды. «Бейіндік оқытуды ұйымдастыруда кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің маңыздылығы туралы экономика негіздері пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Жулдус Шокановна Кашкирова баяндама жасады. Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Алибек Бейсенович Толеуов «Z буыны: сынып жетекшісінің проблемалары» мәселесіне тоқталып, сынып жетекшілерінің жұмысына акцент жасады және басымдықтарын атап өтті. Пәндік-тілдік оқытуды ұйымдастыруда CLIL технологиясын енгізу мен қолдану жөнінде химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сауле Сериковна Дюсенова айтып берді. Ағылшын тілі мұғалімі, педагог-сарапшы Егор Сергеевич Медведев идеядан бастап жүзеге асыруға дейін жобасы мен таныстырылымын көрсетіп, барлық жас әріптестеріне таныстырылымдарды жасау бойынша және балалар мен ата-аналардың оларды кез-келген платформаларда оқу-тәрбие процесінде қолдану бойынша көмегі мен кеңесін ұсынды. Тренингте қатысушыларға қазіргі кезеңдегі өз қызметтері туралы қайта ойлануға жағдай жасалды және одан әрі іс-әрекеттер үшін негіз қаланды.

Семинарға қатысушылар бүгінгі күні білімді интеграцияламай, практикалық қызметті ұйымдастыру мүмкін емес екеніне сенімді болды, олар өздерінің әдістемелік білім қорын толықтырды. Онлайн-кездесудің материалдары электронды-әдістемелік электронды дайджестке орналастырылып, практикада қолдану үшін қала мектептеріне жіберіледі.