ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өз отбасы туралы балалардың бейнеролигі
02-11-2020 09:55
Өз отбасы туралы балалардың бейнеролигі

Павлодар  қаласы білім беру бөлімі,«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2020 жылы 30 қазанда  «Менің отбасым» қалалық  бейнеролик   конкурсы  өткізілді. Мақсаты - отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді бекіту және тарату, баланы дұрыс тәрбиелеу және оны дамыту бойынша отбасылық үлгілі тәжірибені көпшілікке таныту және жариялау. Конкурсқа 15 мектептептен (№ 2, 11, 13,14, 20, 26, 29, 34, 37, 39, 41, Қ. Бекхожин, Б. Момышұлы, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ ) 66 оқушы қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша  4-бағыт бойынша 23 қатысушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде I орын - 4 оқушы, ІІ орын - 7 оқушы, ІІІ орын - 12 оқушы.

«Сила жизни - в семье» бағытында I орынды № 43 мектептің 6 сынып оқушысы Мухаметжанов Ренат иеленді. Ренат «Любимая семья» өз бейнеролигінде   олардың  отбасындағы сүйіспеншілік  пен үйлесімділікті  көрсетті. Барлық   отбасы мүшелері музыкаға үлкен қызығушылық танытады. Әкесі пианинадо ойнайды, онымен Ренаттың кіші қарындасын үйретеді. Анасы балабақшада музыкант. Ренаттың өзі белсенді, шығармашыл бала. Бейнеролигінде Ренат үй мұрағатындағы  бейнелерде көрсетті.

ІІ орынды № 34 ЖОМ оқушысы Филатов Савелий, Кенжекөл ЖОМ  оқушысы Дильдебаева Дильназ, ІІІ орынға  -  № 11 ЖОМ Калиничева Ева, (№ 14 ЖОМ) Чеботкова  Дарья, (№ 34 ЖОМ) Нурмакина Русалина  және  (№ 39 ЖОМ) Уахитов Айболат ие болды.

«Отцовство - дар и долг» I орынды № 36 мектеп оқушысы Процкий Данил иеленді. Өз бейнесінде оларға әкесі көп көңіл бөліп, өз балалары үшін  әкенің ролін мазмұнды, кәсіби түрде көрсетті. 

           ІІ орынға    34 мектеп оқушылары Головчук Тарас және Ким Тамир,  № 29 мектеп оқушысы Асмус Анастасия ие болды, ІІІ орын № 11 мектеп оқушысы   Аманжол Тайру, Жетекші ЖОМ Қуандық Мақпал, Кенжекөл ЖОМ Наурызбай Ханзадаға берілді.

«Щедрое сердце» бағытында ІІІ орынды № 11 ЖОМ оқушылары Байкаримова  Малика, Луклянец  Иван иеленді.

«Семьи связующая нить» бағытында I орын № 34 мектеп  оқушысы Руденко Дениске берілді. Өз бейнеролигінде ол туыстық байланыстың бәрінен қымбат екенін  көрсете білді. Соның бірі, жылсайынғы отбасындағы жақын туыстардың кездесуі болып табылады. Отбасы тек бірге туған туыстар ғана емес, отбасының жолдастары да отбасы болып саналады.

ІІ орын № 11 ЖОМ оқушысы Цой Владилен, № 37 ЖОМ оқушысы Жакупов Тамерлан, № 41 ЖОМ оқушысы Голашопов  Арсенийге берілді, ІІІ орын № 11 ЖОМ оқушылары Машкова Диана, Токарь Лев, Щербина  Андрей, № 26  ЖОМ оқушысы Жақсылық Аланға берілді. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар Дарыны» орталығының дипломымен марапатталды.