ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жизнь без границ» республикалық фестиваль жеңімпазы
02-11-2020 14:39
«Жизнь без границ» республикалық фестиваль жеңімпазы

Ерекше білімге қажетті балаларға арналған «Жизнь без границ» республикалық  фестивалге Казақстанның барлық аймақтарынан 100 аса қатысушы болды, сонымен қатар  Павлодар қаласының № 43 мектебінен 1 қатыушы.

Фестиваль қорытындысы бойынша «Технические изобретения» және «Компьютерные разработки, робототехника» номинациясында № 43 мектептің 8 сынып  оқушысы Сейвальд Артур, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Павлодарлық оқушы фестивалге үй жинастыруды жеңілдету үшін немесе тротуар мен  жолдан қоқыс жинау үшін «Чистюля» жұмысын ұсынды. Робот бетіндегі кез-келген шаңды тазартады. Оның басты артықшылығы, жинастыру ешқандай адамның қатысуынсыз  автоматтық тәртіпте өтеді. Артур бала кезінен конструктордан үлгілер жинауды ұнатады, 2 жылдай  мектептің робототехника бойынша үйірмесінде 6 сыныптан  робототехникамен айналысады.

- Үйірмеге қатысып, ол толығымен робототехникаға берілді, оған бағдарламалау және үлгілерді жинау ұнайды. Оны үнемі олардың қалай орналасқаны, қалай жұмыс істейтіні,ол пайда болғанда,оны кім ойластырғаны қызықтыратын. Конкурс туралы  білгенде , ойланбастан қатысуды шешті. Жұмыс барысында олардың қазіргі және болашақ, робот конструкцияларымен танысты. Оған қоқыс жинай алатын, жай роботты үлгілеу қойылған мақсатын жүзеге асыру сәті түсті. Тиімді робот үлгісін құру үшін көп экспериментеу, қайта құру,ойлану,жетілдіру керек. Сонда ғана бір нәрсеге үйреніп және нәтижеге жетуге болады. Ол өзінің белсенді қызметімен  ғана  жергілікті жердің экологиялық мәселесіне көңіл аударған жоқ, мәселені шешу әрбір тұрғыннан, бізге байланысты екенін көрсетті дейді, - жетекшісі Пирожникова Ирина Анатольевна, мектептің информатика мұғалімі.

       Фестиваль 20 - 27 қазанда 4 бағыт бойынша өтті: «Вокалдық орындау: сольное пение, вокальный коллектив, жестовое пение», «Танцевальное исполнение на колясках», «Художественное творчество: живопись, портрет, графика, фотоискусство», «Декоративно-прикладное искусство», «Технические изобретения», «Компьютерные разработки, робототехника». Мақсаты - ерекше білімге қажетті шығармашыл дарынды балаларды дамыту және қолдау. Ұйымдастырушы  Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы болып табылады.