ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім берудің жаңартылған мазмұны көлемінде туристік-өлкетану қызметі
03-11-2020 09:10
Білім берудің жаңартылған мазмұны көлемінде туристік-өлкетану қызметі

Балалар-жасөспірімдер туризмінің әрі қарай дамуы үшін шарттарды қамтамасыз етуі мақсатында 2020 жылғы 29 қазан күні «Білім берудің жаңартылған мазмұны көлемінде туристік-өлкетану қызметіндегі инновациялар» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы аймақтық семинары өтті. Семинар Павлодар облысы білім беру басқармасының Аймақтық дене тәрбиесі оқу-тәжірибелік орталығымен бірлесе Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы тарапынан ұйымдастырылды. Облысымыздың  жалпы орта білім беру мектептері және қосымша білім беру мекемелерінің 30 астам туристік-өлкетану қызметімен айналысатын үйірмелер, клубтар мен секциялардың жетекшілері, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері, мектеп туризмінің нұсқаушылары қатысты.

Семинар бағдарламасы бойынша Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «СЮТур» балалар аула клубының педагогтары қосымша білім беру жүйесі туристік-өлкетану бағыты бойынша өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. «Туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыруды бастау. «СЮТур» БАК жұмыс тәжірибесінен» тақырыбы бойынша Оксана Владимировна Дьяченко,  «Педагогтың шығармашылық шеберханасы» өз жұмысы бойынша  Владислав Юрьевич Ридзаускас сөз сөйледі. Тыңдаушылар тәжірибелік тұрғыда «Туристік-өлкетану маршруттарын құрастыру», «Қашықтан оқыту шартында «Пеший туризм» бағдарламасы бойынша оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу», «Туристік жорық жағымды өздігінен ұйымдастыру мектебі ретінде», «Тау жорығы шартында туристік-алпинистік дағдыларды қолдану» тақырыптары бойынша материалдармен танысты. Жұмыстың қорытындылары негізінде қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Қатысушылар семинардың чаты мен тікелей арнасы барысында аймақтағы балалар туризмін дамыту үшін өз жұмысында қолдануы мақсатында жеткілікті әдістемелік ұсыныстар алғандары туралы пікірлерін білдірді.