ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушының короновирус пандемиясы туралы эссесі үздік деп танылдыEbilim.kz әдістемелік сайты 2020 жылғы 4 - 31 қазан аралығында, короновирус пандемиясымен күреске байланысты қазақ тілінде республикалық онлайн эссе-байқауын ұйымдастырды. Байқау
03-11-2020 16:53
Павлодарлық  оқушының  короновирус пандемиясы туралы эссесі үздік деп танылдыEbilim.kz әдістемелік сайты 2020 жылғы 4 - 31 қазан аралығында, короновирус пандемиясымен күреске байланысты қазақ тілінде республикалық онлайн эссе-байқауын ұйымдастырды. Байқау

Ebilim.kz әдістемелік сайты 2020 жылғы 4 - 31 қазан аралығында, короновирус пандемиясымен күреске байланысты қазақ тілінде республикалық онлайн эссе-байқауын ұйымдастырды. Байқауға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының "Балшуак" бөлімшесінің тәрбиеленушісі,  № 29 ЖОМ 5 сынып оқушысы Глезко Эрика қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Эрика «Коронавирус бізді неге үйретті?» тақырыбында ІІ орынды иеленді. Жазған эссесінде, ол пандемиямен күрестегі қауіпсіздік шаралары туралы, коронавирус адамдарды  өз денсаулығын бағалай білуге, өз отбасына және жақындарына қамқорлық жасауға, егде адамдарды күтуге үйреткендігі жайлы жазды, Ол былай деп жазады: «Пандемия бізге короновируска дейін қаншалықты бақытты өмір сүргенімізді, қиын кезеңде бір-біріне қолдау көрсету қаншалықты маңызды екендігін көрсетті. Біз міндетті түрде бұл дертті жеңеміз».

- Республикалық интернет-байқауына Эрика алғаш рет қатысты. Бір қуаныштысы, оның осындай конкурсқа бірінші рет қатысуы, осындай тамаша нәтижеге ие болды. Ол клубта алты жасынан «Lantana Dance» хореография үйірмесіне қатысады, - дейді Сабитова Бибигуль Тулегеновна, «Балшуақ» клубының қосымша білім беру педагогі.

Эрика мектепте «өте жақсы» оқып, конкурстар мен олимпиадалар «Ақ бота» интеллектуалдық марафонына бірнеше рет қатысты, «Астра» халықаралық ойын-конкурсының, халықаралық «Архимед» математикалық байқауының, орыс тілі мен әдебиеті мектептік пән олимпиадасының жеңімпазы.