ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының № 19 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі мұғалімінің волонтерлік қызметі
04-11-2020 11:09
Павлодар қаласының № 19 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі мұғалімінің волонтерлік қызметі

      21 жылдан астам Павлодар қаласының № 19 мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі мұғалімі қызметінде Серімбаева Данна Төлеубайқызы жұмыс істейді. Құзыретті, шығармашылық, кәсіби көшбасшылық деңгейіне ие, оқу процесінің сапасын жақсартуға ықпал ететін инновациялық технологиялардың білім беру қызметін енгізуде. Педагог ІІІ республикалық «Мәртебелі маман - 2019» байқауының «Үздік ағылшын тілі мұғалімі» номинациясы бойынша жүлдегері, республикалық «Өмірлік таңдау» жобасының «Үздік тренері», облыстық мектеп медиация қызметі жобасының «Үздік медиатор» байқауының жеңімпазы.

         Педагог қызметінің басым бағыттарының бірі волонтерлік болып табылады. Данна Төлеубайқызы пандемиямен күрестегі ерекше жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша «Халық алғысы» медалімен марапатталған облыстың алғашқы мұғалімі. Қазақстан Республикасының Красный Полумесяц қоғамының Павлодар облыстық филиалы оның кандидатурасын марапаттауға ұсынды, волонтерлер қатарында Д.Т. Серімбаева 14 жыл жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың қазан айында ERTIS RUNNERS марафонына қатысқаны үшін «FINISHER» медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Павлодар қалалық мәслихатының, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының Құрмет грамоталары, дипломдары қатарында Қазақстан Республикасының Красный Полумесяц қоғамы президентінің дипломы да бар.

     Данна Серімбаева Павлодар облысының тұрақты доноры, Қазақстан Республикасының Красный Полумесяц қоғамы Павлодар облыстық филиалының апатқа ден қою командасының мүшесі. Екінші жыл «Тәлімгерлер» республикалық жобасына қатысып, оның аясында С.А. Назарбаева атындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиешісі Дарья Мұхаметжанованың волонтер-тәлімгері болып табылады. Педагогтың жұмыс кестесінде қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларға, полицияның қоғамдық көмекшісі ретінде қатысуға да уақыты бар. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін Д. Т. Серімбаева «Балаларға берілген жүрек. Қазақстан Республикасының үздік білім беру қызметкерлері 2019 – 2020» атты жинаққа енгізілді, оған «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.

         Қазақстанның Красный Полумесяц қоғамының қайырымдылық акциялары мен түрлі іс-шараларына қатыса отырып, Д.Т. Серімбаева өз балаларына, немерелеріне, оқушыларына үлгі болуға тырысады. Данна Төлеубайқызы 4 жылдан астам мектеп оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер қатарынан құрылған «Ашық жүрек» волонтерлер мектеп жасағының басшысы болып табылады. Жасақ көптеген әлеуметтік жобалар мен іс-шараларға қатысады: алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйрету, жетім балаларды, аз қамтылған, көп балалы отбасыларды, жалғыз басты қарттарды, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін әлеуметтік қолдау, ерікті қан тапсыру мәдениетін насихаттау, эко-акциялар (қала және облыс бойынша сенбіліктер), мектеп медиациясының қызметіне қатысу, СӨС насихаттау. Пандемиямен күрес күндері аға волонтерлердің қызметі жанданды. Мұғалімдер мен ата-аналар қаражат жинауды, азық-түлік сатып алуды, аз қамтылған отбасылар, карантиндік үйлер бойынша азық-түлік себеттерін қалыптастыруды және тасымалдауды ұйымдастырды. Сонымен қатар короновирус ауруының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру акциялары өткізілді, қала тұрғындарына бетперде тігіп, қорғау құралдарын таратты, донорлық қан тапсырды, қала әкімдігімен бірлесіп жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге қолдау көрсету бойынша «Жедел желі» өткізуге қатысты, Жеңіс күніне арналған мерекелік медальдарды тыл еңбеккерлеріне таратып берді. Оқу жылының алғашқы күндерінен бастап жас оқытушылар құрамындағы волонтерлер кезекші сыныптарда, педагогикалық ұжымда, ата-аналарда COVID-19 алдын алу бойынша түсіндіру әңгімелері мен мастер-кластар өткізді. Мектеп жасағы «Жыл волонтері - 2020» облыстық байқауына «Үздік еріктілер жасағы» номинациясына қатысады.