ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың суретіндегі алтын күз
05-11-2020 11:41
Балалардың суретіндегі алтын күз

 

Ebilim.kz Республикалық әдістемелік сайты «Алтын күз» атты  суреттердің онлайн байқауын ұйымдастырды. Байқауға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар және жасөспірімдер клубының «Жеңіс» бөлімшесінен 11 тәрбиеленуші қатысты. Олардың барлығы қосымша білім беру педагогі Шарипова Майгуль Владимировна жетекшілігіндегі «Асыл сөз» қазақ тілі үйірмесінің  тәрбиеленушілері.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды 2 тәрбиеленуші иеленді, ІІ орынды - 2, ІІІ орынды - 7 тәрбиеленуші. Өздерінің суреттерінде балалар туған қаласындағы, саябақтағы, парктегі, көрікті жерлердегі күзгі сұлулық пейзажын бейнелеп, өз сезімдерін сурет арқылы білдірді.

I орынды «Саябақтағы күз» гуашьпен аралас техникасында салынған суретімен 3-сынып оқушысы Нұрмағамбетова Аина, «Күзгі ағаш» атты  акварельжәне қарындаштармен аралас техникасындағы суретімен № 22 ЖОМ,  2 сынып оқушысы Кабдуахит  Кәрім иеленді.

II орынды № 22 ЖОМ 2-сынып оқушылары Қияқ Нурай мен Найманова Нурия иеленді, ІІІ орынды - № 22 ЖОМ 5 сынып оқушысы Ахметов Бахтияр, 2 сынып оқушылары Аркаева Айнур, Аркаев Ернұр,  5 сынып оқушысы Ахметов Тамерлан № 39  орта мектебінің 1 сынып оқушысы Аралов Ерасыл, № 9 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Скиба Эвелина, № 17 ЖОМ 3-сынып оқушысы Абдыман Нуррамазан.