ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қашықтықтан оқыту кезінде оқушыларды белсенді өзара іс-қимыл процесіне тарту
06-11-2020 11:39
Қашықтықтан оқыту кезінде оқушыларды белсенді өзара іс-қимыл процесіне тарту

    Павлодар қаласының білім беру бөлімі республикалық педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірлесіп жас мамандар үшін «Оқушыларды қашықтықтан оқыту кезінде белсенді өзара іс-қимыл процесіне тарту: ілгерілететін кері байланыс, синхронды оқытудағы диалогтың рөлі мен орны»атты тренингін өткізді. Мақсаты - жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсету, қашықтықтан оқыту жағдайын да алға жылжытатын кері байланысты ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру. Тренингке биыл келген 85 жас маман қатысты.

   Жас мамандар алдында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері, «ПроЛС» клубының жетекшісі Шолпан Саменқызы Нұрахметова,Павлодар қаласы педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері, «Тәжірибелі жаттықтырушы - 2019» номинациясы бойынша Buroakzent бүкіл ресейлік халықаралық тренерлер байқауының жеңімпазы Мельникова Юлия Геннадьевна сөз сөйледі.

    Тренингке қатысушылар алға жылжытатын кері байланысты ұсыну ерекшеліктері туралы сұрақтарды зерттеді, алға жылжытатын кері байланысты ұсыну форматының құрылымын игерді, алға жылжытатын кері байланыстағы сұрақтардың рөлін, «оқушы-оқушы», «оқушы-сынып» кері байланыс форматтары мен бағыттарын қарастырды, оқу процесінде Miroинтерактивті тақтасының жұмысымен және қолданылуымен танысты, мұғалімдердің нақты жағдайларын зерттеді, сыныптағы педагогикалық іс-әрекетінің кері байланысын ұйымдастырудағы өзгерістердің 2 қадамын анықтады.

    Жас мамандар бүгінгі таңда білімді интеграциялаусыз практикалық қызметті ұйымдастыру мүмкін емес екендігіне көз жеткізіп, өзінің әдістемелік қоржынын толықтырды. Тренинг материалдары электронды-әдістемелік дайджестке орналастырылды және тәжірибеде қолдану үшін қала мектептеріне таратылды.