ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қашықтықтан оқыту кезеңінде балалармен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар
06-11-2020 12:11
Қашықтықтан оқыту кезеңінде балалармен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар

     2020 жылдың 5 қарашасында ZOOM плотформасында «Сыныптан тыс қызмет түрлерінің әртүрлілігі, тиімді тәрбие жұмысының жолы ретінде» атты  қалалық семинарда қатысушыларға, Павлодар қаласының № 23 ЖОМ педагогикалық ұжымының жұмыс тәжірибесі ұсынылды.Мақсаты-жеке мүдделер мен қажеттіліктерді ескере отырып, балалармен тәрбие жұмысында кешенді тәсіл. Қаланың 42 жалпы білім беретін мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

   Өз сөзінде Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары Зәуреш Жақсылыққызы Қалиева қатысушылардың назарын қашықтықтан оқыту және тәрбиелеу кезеңінде сабақтан тыс уақытта балалармен жұмыс істеуге аударды.

    №23 мектеп педагогтары балалармен тәрбие жұмысының тәжірибесімен бөлісті, мастер-класс өткізді, әдістемелік ұсыныстар ұсынды. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Галия Вахитовна Айгазинова «Сыныптан тыс қызмет түрлерінің әртүрлілігі тиімді тәрбие жұмысының жолы ретінде» атты тақырыпқа тоқталды, 3 - сыныптың сынып жетекшісі Тамара Викторовна Быкова «Ата-аналармен қарым-қатынас балалармен табысты жұмыстың кепілі» жұмыс тәжірибесімен бөлісті. 8-сыныптың сынып жетекшісі Әсем Арыстанбекқызы Дәулетханова «Балалармен жұмыс түрлері» тақырыбында мастер-класс өткізді, 5-сыныптың сынып жетекшісі Ибрагимова Сақина Садиқызы «қиын» балалармен жұмыс туралы айтты.

    Семинар қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Жанар Әнуарбекқызы Таджикова қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, күзгі каникул кезінде балаларды жұмыспен қамту, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру, балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу бойынша бірқатар ұсыныстар берді.