ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар балаларының Тобольск көрмесіндегі пейзаж суреттері
06-11-2020 12:26
Павлодар балаларының Тобольск көрмесіндегі пейзаж суреттері

  Ресейдің Тобольск қаласында өткен «Рождественская - 2020» балалар және жасөспірімдер шығармашылығының XXV халықаралық көрме-байқауына Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары «Сюжеттік-тақырыптық картина», «Сәндік - қолданбалы композиция», «Шабытқа бөленген Град»атты 3 номинация бойынша 30 жұмысы жіберді. Әлемнің 18 елінен 129 көркемөнер, өнер мектептері мен студияларының 1600-ден астам балалары және ЖОО студенттері қатысты.

    Байқау қорытындысы бойынша Павлодарлық балалар 20 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде 3 қатысушымызI дәрежелі лауреат дипломымен, 1 оқушымызII дәрежелі лауреат дипломымен, 2 оқушымыз III дәрежелі лауреат дипломымен, 3 қатысушымыз дипломмен марапатталды.

      I дәрежелі дипломға гуашьпен орындалған «Жаңа жылдық орманда» суреті үшін 6 жастағы Милана Карпенкомен «Тыныштық» жұмысы үшін 7 жастағы Амина Бельгибаева және гуашпен орындалған «Шырша» суреті үшін 9 жастағы Ангелина Пономарева ие болды, ұстазы Инна Владиславовна Масленникова.

   Гуашьпен орындаған «Успенск шіркеуі», суреті үшін 7 жастағы Василиса Кравчук II дәрежелі дипломмен марапатталды, III дәрежелі лауреат дипломымен 11 жастағы Ева Подгорецкая пастельмен орындаған «Ұлы Устюгке саяхат» суреті үшін, ұстазы Лариса Борисовна Илларионова,және 11 жастағы Азиза Каирова гуашьпен орындаған «Ормандағы Рождество» суреті үшін марапатталды, ұстазы Наталия Владимировна Решетова.

     Сонымен қатар 9 жастағы Кристина Карпенко (ұстазы Лариса Алексеевна Кузнецова), 10 жастағы Анастасия Михайлова (ұстазы Наталия Владимировна Решетова), 6 жастағы Дарья Москаль (ұстазы Инна Владиславовна Масленникова), 7 жастағы Руслана Нурпеисова, Адина Бейсенова, 6 жастағы Милан Белокрылова, 9 жастағы Виктория Фишбах, 7 жаста Елизавета Вассерберг (ұстазы Лариса Борисовна Илларионова) дипломдармен марапатталды.