ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушылары Абай шығармалары біліміне жарысты
09-11-2020 11:03
Қала оқушылары Абай шығармалары біліміне жарысты

  Павлодар  қаласы білім беру бөлімі,«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2020 жылы 4 қарашада Абай оқулары республикалық конкурсының қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - қазақ халқының әдеби мұрағатын насихаттау, қазақ әдебиетінің классикасын үйренуге қызығушылығын арттыру.

   Конкурсқа  қаланың 36 жалпы білім беру мектептерінен 8 - 11 сыныптың 147 оқушысы қатысты, оның ішінде 38 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Оқушылар Абайдың шығармашылығын, шығармаларын, дәйексөз мәлімдемесін оқып үйренетінін көрсетті.

  «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында - Абай және Шәкәрім шығармалары бойынша мәнерлеп оқу конкурсында 11 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. І орынға Кенжекөл ЖОМ 8 сынып оқушысы Амандықұлы Ернұр және № 33 ЖОМ 8 сынып оқушысы Юдина Алина ие болды. Ернұр Абайдың 60 шығармасын жатқа оқыды. ІІ орынды К. Бекхожин, №13, 31, 37 ЖОМ,№ 38 НОМ оқушылары иеленді. ІІІ орынды № 2, 5, 18, 22, 29 ЖОМ, Б. Момышұлы мектебі иеленді.

  «Абайдың қара сөздері» екінші бағытта - Абайдың қара сөздерін оқу 5 қатысушы жүлделі орындармен марапатталды. I дәрежелі дипломмен № 19 ЖОМ 10 сынып оқушысы Есинова Айсана марапатталды. Айсана 8 қара сөзді жатқа біледі. II дәрежелі дипломмен № 37 ЖОМ, Б. Момышұлы мектебінің оқушылары, III дәрежелі дипломмен № 20 лицей-мектебі, № 38 НОМ оқушылары марапатталды.

   «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын оқу бойынша 4 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І дәрежелі дипломмен № 38 НОМ 6 сынып оқушысы Дауыржан Ердамыс, № 43 ЖОМ 8 сынып оқушысы Карташова Александра марапатталды. Ердамыс өзінің жас ерекшелігіне қарамастан Ақылбай Абайұлының «Ата анаға көз қуаныш» тақпағын әртісті және мәнерлеп жатқа оқып жоғарғы сынып оқушыларына бәсекелестік құрды. ІІ орынға № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Кайыргелді Назерке, №38 НОМ 8 сынып оқушысы Федина Ангелина иеленді.

   «Көңілім әнді ұғады» бағытында - күй және өлең орындау конкурсында 7 қатысушы  жүлделі орындар алды. І орынға жоғары вокалдық қабілеті бар №2 ЖОМ 9 сынып оқушысы Шамет Алтынай, Б. Момышұлы мектебінің 10 сынып оқушысы Айдаохан Баян, №9 ЖОМ 10 сынып оқушысы Сухоносова Алиса ие болды. Алиса «Желсіз түнде жарык ай» өлеңін орындады. ІІ орынды №17, 40 ЖОМ оқушылары иеленді. ІІІ орынға - № 31, 43 ЖОМ оқушылары ие болды.

  «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында - жас дарындылар конкурсында 5 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. І орынға № 29 ЖОМ оқушысы Ковтун София, № 37 ЖОМ оқушысы Сурумбетова Камила ие болды. Камила қалалық және облыстық оқулардың бірнеше қатар жеңімпазы және жүлдегері. ІІ орынды №29, 38 ЖОМ оқушылары, ІІІ орынды - № 20 лицей-мектебінің оқушылары иеленді.

   «Ұлылар әлемі» бағытында - эссе конкурсында 6 қатысушы жүлделі орынға ие болды. І орынға №12 ЖОМ 11 сынып оқушысы Камиева Сабина, № 29 ЖОМ 10 сынып оқушысы Сансызбай Ақшолпан ие болды. Ақшолпан «Абайдың жолы - Ұлы жол» тақырыбына эссе жазды. ІІ орынға №22, 43 ЖОМ, ІІІ орынға - №2, 24, 43 ЖОМ оқушылары ие болды. Қалалық тур жеңімпаздары 2020 жылы қараша айында оқудың облыстық кезеңіне қатысады.