ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сындарлы диалог
09-11-2020 16:13
Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сындарлы диалог

   Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шаралар шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2020 жылғы 6 қарашада онлайн режимде «Балалық шақты бірге қорғайық» - «Защитим детство вместе» диалогтық алаңын өткізді. Іс-шараның мақсаты - балалар мүддесінде мемлекеттік саясатты іске асыру және олардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мен балалар өкілдіктерінің сындарлы диалогын одан әрі бірлесіп дамыту.

   Алаңда «Nur Otan» партиясының жастар қанаты, «Алтын Бата» ҚҚ, «Кенжекөл жастары» ЖҚ өкілдері және қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерінің балалар өкілдіктерінің көшбасшылары қатарынан спикерлер пікір алмасты.

   Алаңда 3 бағыт бойынша: «Балалық шақты бірге қорғайық», «Бақытты бала - бақытты ана - бақытты отбасы - бақытты ел», «Тәуелсіздік елдің ұрпағы» Павлодар қаласы білім беру бөлімі тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі Жанар Әнуарбекқызы Таджикова, №24 ЖОМ балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі балалар өкілінің көшбасшысы Алланұр Ысқақов, №16 лицей-мектебі балаларының құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі балалар өкілдігінің көшбасшысы Дарья Гаврина сияқты спикерлер жұмыс жасады.

   Бағыттар бойынша жұмысқа Павлодар облысы ЖП УПН ведомствоаралық үйлестіру және алдын алу бөлімінің бастығы, полиция майоры Ирина Александровна Темиргалиева, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының консультанты Гүлнара Бейсембайқызы Сүйінова, «Алтын Бата» ҚҚ төрағасы Евгения Александровна Стельвана, «Кенжекөл жастары» ЖМ үйлестірушісі Жұлдыз Егеубайқызы Молдабаева, № 24, 37 ЖОМ, №16 лицей-мектебінің балалар құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі балалар өкілдеріқатысты.

  Қорытындысы бойынша балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде балалар өкілдіктерінің жұмысын ұйымдастыру және осы мәселе бойынша мемлекеттік құрылымдармен және қоғамдық бірлестіктермен одан әрі ынтымақтастық туралы ұсынымдар қабылданды.

   Оқу жылының басында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша қаланың жалпы білім беретін мектептерінде белсенді және бастамашыл оқушылар қатарынан балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша балалар өкілдіктері құрылды.