ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық байқаудың 4 жүлделі орны
10-11-2020 09:16
Республикалық байқаудың 4 жүлделі орны

   Әдістемелік Ebilim.kz сайтымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Республикалық Абай оқулары» атты республикалық онлайн байқау өткізілді. Байқауға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының «Жеңіс» клубының тәрбиеленушілері қатысты. Тәрбиеленушілер қосымша білім беру педагогі Майгүл Владимировна Шарипованың жетекшілігімен «Асыл сөз» атты қазақ тілін дамыту үйірмесіне қатысады.

   «Жеңіс» клубының қоржынында «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңін мәнерлеп оқығаны үшін төрт II орын, № 22 ЖОМ 3 сынып оқушысы Нұрмағамбетова Аина, 2-сынып оқушысы Қияқ Нұрай, 3 сынып оқушысы Асенов Рахат, №17 ЖОМ 3 сынып оқушысы Абдыман Нұррамазан. Абайдың мерейтойына арналған өлеңдер балаларға патриоттық тәрбие, білім және қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларына деген сүйіспеншілікті оятады. Республикалық интернет-байқауға клуб тәрбиеленушілері алғаш реет қатысуда. М. В. Шарипова жүлдегерлерді дайындағаны үшін байқау ұйымдастырушыларының алғыс хатымен марапатталды.