ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқырмандарда «Жаманбалинов оқуларының» арнайы кубогы бар
10-11-2020 15:41
Павлодарлық оқырмандарда «Жаманбалинов оқуларының» арнайы кубогы бар

   «Жаманбалинов оқулары» - «Жаманбалиновские чтения» қалалық онлайн байқауына Павлодар қаласының Б. Момышұлы атындағы мектептің 19 бастауыш сынып оқушылары қатысты. Байқау М.Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында Павлодар қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен қазақ балалар поэзиясының негізін қалаушылардың бірі, ақын, жерлесіміз М. Жаманбалиновтың шығармашылығын дамытуды насихаттау мақсатында өткізілді.

   Байқау шарты бойынша қатысушылар ақынның 3 өлеңін жатқа оқып, бейнежазба жіберуі керек еді. Жас оқырмандар жыл мезгілдерінде орманда, үйде, мектепте балалармен болатын түрлі күлкілі және маңызды оқиғалар туралы балалар ақынының көңілді өлеңдерін үлкен ынтамен орындады. Өйткені, Мүбәрәк Жаманбалинов өлеңдерінің кейіпкерлері көбінесе жануарлар, құстар болды, кішкентай оқырмандарда туған жерге, адамдарға және істерге деген сүйіспеншілікті тереңдетіп, нығайтты.

   Барлық 19 қатысушы, оның ішінде I орынды 2 қатысушы, II орынды - 7, III орынды - 10 оқушы алды, Павлодар қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың орындауында «Бүркіт», «Менің әжем», «Күн күркіреп жар салды», «Түймедей ақ көзіммен», «Туған жер», «Алғашқы қар», «Құттықтаймыз бәріміз», «Қырықтың басы қызық екен», «Құлыншақ», «Бозторғай», «Қарлығаш», «Жаңбыр», «Көрші атам», «Мамасы да сүймейді» атты өлеңдер орындалды.Олардың ұстазы-Нығманова Әсел Зекенқызы.

   3 сынып оқушысы Бақпай Дінмұхаммед «Әлін білмеген әлек», «Айнадан көріп», «Торғайлар» өлеңдерін орындағаны үшін бас жүлде мен кубок иегері атанды. Бейнелерде ол құстар мен орман жануарларына қатысты түрлі күлкілі жағдайларды көрсетті. Айта кету керек, «Жаманбалинов оқуларының» арнайы кубогы алғаш рет табысталады. Марапаттау рәсімі Павлодар қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Самал Бегалинованың қатысуымен өтті.