ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының балалары Қызыл кітапқа енген жануарлардың суретін салды
12-11-2020 09:56
Павлодар қаласының балалары Қызыл кітапқа енген жануарлардың суретін салды

   2019 жылы Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында өткен «Красная книга глазами детей» атты балалар шығармашылығы байқау-көрмесінің халықаралық жобасына Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің 62 оқушысы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 2020 жылдың қазанайында 28 оқушы байқау лауреаттары атанды және олардың жұмыстары халықаралық жоба альбомына енді.

 7 - 12 жас аралығындағы лауреаттар өз жұмыстарында түрлі-түсті қарындаштар, гуашь, аралас техникада әлемнің Қызыл кітабына енгізілген жануарлартуралы өз ойларын ұсынды. Олардың қатарында 7 жасар Куничанская Эвилина «Фламинго», Киселева Олеся - «Қызғылт фламинго», 8 жасар Катлеев Руслан - «Кувшинки», 9 жасар Қуанышбаева  Жұлдыз - «Арқардың» жұмыстарын ұсынды.

   Байқаудың 10 жастағы лауреаттары Алпеева Кристина, Добрянская Александра, Холманский Валерий, Елеужанов Надир, Юферев Злата, Сергин Ульяна, Солоденко Илья, Шароварова Александра, Стрелова Ярослав, Бейсенов Назар, Огий Александра, Ташева Наргиза «Борсықтар», «Сусар», «Фламинго», «Амур жолбарысы», «Сілеусін», «Барс», «Стерлядка», «Тәжі тырнасы», «Суыр», «Қарақұйрық», «Ақ аю» суреттерін ұсынды.

  11 жастағы оқушылар Раисова Диляра, Бейсембаева Милана, Бауыржан Азиза, Шайхутдинова Варвара, Родкина Яна, Лучишина Ева «Ласка», «Гепардтар», «Ақ аю», «Фламинго», «Амур жолбарысы», «Панда» суреттері үшін байқаудың лауреаттары атанды.

  Оқушылардың жетекшілері мектеп педагогтары Масленникова Инна Владиславовна, Рейн Светлана Евгеньевна, Решетова Наталия Владимировна, Кузнецова Лариса Алексеевна, Смыков Дамир Серикович  болып  табылады. «Осындай  байқауларға қатыса отырып, балалар табиғатты, жануарлар мен өсімдіктердің жойылып бара жатқан түрлерін сақтауға өз үлестерін қосады, жануарларды, өсімдіктерді және қоршаған әлемді қорғауға шақырады. Олар өздері сезімтал және мұқият болуды үйренеді», - дейді мектеп меңгерушісі Масленникова Инна Владиславовна.