ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық байқаудың номинанты
12-11-2020 11:05
Республикалық байқаудың номинанты

  «Жылдың үздік психологы»атты IX республикалық байқаудың финалдық кезеңіне жалпы білім беретін мектептердің, бейінді білім беру ұйымдарының, ұлттық мектептердің, «ҰИЖ»ДББҰ, балабақшалардың, қосымша білім беру ұйымдарының, оқу-әдістемелік орталықтардың 97 психологы, облыстық турлардың жеңімпаздары қатысты. Павлодар облысынан 6 педагог-психолог, оның  ішінде Павлодар қаласының № 17, 34 мектептерінен 2 психологы қатысты.

 Байқау 2020 жылғы 4 - 11 қарашада өтті, оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығы өткізді. Мақсаты - дарынды психологтарды анықтау және қолдау, олардың кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету, озық педагогикалық жұмыс тәжірибесін насихаттау және тарату. Байқау екі кезеңде өтті: облыстық және республикалық. Байқау қатысушыларының жұмыстарын еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары бағалады.

  Республикалық байқау қорытындысы бойынша Вольц Виктория Викторовна Павлодар қаласының № 34 инновациялық мектебінің педагог-психологы номинант атанды. Виктория Викторовна әртүрлі деңгейдегі байқаулармен олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады.Ол «Үздік психолог - 2020» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегері (II орын), психология бойынша республикалық қашықтық олимпиадасының облыстық кезеңінің жүлдегері - III орын (2020 жыл), «Үздік баяндама» қалалық байқауының жеңімпазы (2020 жыл), психологтардың республикалық қашықтық олимпиадасының жүлдегері - II дәрежелі диплом (2019 жыл), «Психология бойынша үздік авторлық бағдарлама» облыстық байқауының жүлдегері - II дәрежелі диплом (2018 жыл).