ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Аймақ аралық ынтымақтастықтың қырлары
12-11-2020 14:02
Аймақ аралық ынтымақтастықтың қырлары

    Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылықова Жанара Жұмағұлқызы 2020 жылдың 11 қарашасында Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының жетекші мектептерінің «Қашықтықтан оқыту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының ынтасын арттыру» аймақтық форумында мастер-класс өткізді.

   Жанар Жұмағұлқызы «Қазақстан Республикасының үздік педагогы» атағының иегері, II республикалық педагогикалық оқулардың жеңімпазы, «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегері, «Scienceon Stage  Qazaqstan - 2020» халықаралық байқауының республикалық  кезеңінің   финалисі, Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының сарапшысы, 4 сынып оқушыларына арналған «Дүниетану» оқулығының электрондық қосымшасының бірлескен авторы болып табылады. Мұғалімнің тәжірибесі Қазақстан  Республикасы, облыс, қала деңгейінде жинақталған.

    Шебер-мұғалім оқушылардың ынтасын арттыру бойынша әзірленген және сынақтан өткен жұмыс жүйесін, Сlass Dojo қосымшасында оқушылардың,  ата-аналар  мен мұғалімнің цифрлық қоғамдастығындағы тиімді өзара   іс-қимыл жағдайларын, қашықтық режимде оқушылардың жеке даму жоспарын құру үшін Google құралдарын және Сlass Dojo қосымшасын пайдалануды ұсынды.

    Мастер-класстың екінші бөлімінде қатысушылардың топтық өзара әрекеттестігі ұйымдастырылды, нәтижесінде оқушылар үшін ең маңызды мотивтер анықталды және қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларды ынталандыру тәсілдері қарастырылды.

  Бұл өзара әрекеттестік қызығушылық тудырды, ұсынылған кері байланыста мастер-класс қатысушылары материалдардың қолжетімділігін, оқушылардың ынтасын арттыру бойынша жаңа идеялардың пайда болуын   және өз қызметінің рефлексиясын атап өтті.