ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Менің баламның жетістіктері
12-11-2020 16:53
Менің баламның жетістіктері

   Павлодарқаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы» 2020 жылдың 2 - 13 қараша аралығында Дүние жүзілік балалар күніне арналған «Менің  бақытты отбасым»  қалалық қашықтық конкурсы өткізілді.Мақсаты - отбасында баланың шығармашылық мүмкіншілігін ашу, жеке тұлғаның жан-жақты  дамуын тәрбиелеу. Конкурсқа  қаланың 25 мектебінен (№ 1, 6, 7, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, 23, 24, 28, 29, 30, 33, 34, 36, 37, 39, 43, К. Макпалеев, Б. Момышұлы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ) 121 оқушы  қатысты.

   Конкурс қорытындысы бойынша 63 қатысушы жүлделі орын алды, оның ішінде I орын - 4 оқушы, ІІ орын - 23 оқушы, ІІІ орын - 36 оқушы.

  I орынға №1 мектептің 7 сынып оқушысы Оркенова Балнур, №18 мектептің 2 сынып оқушысы Аюпов Равиль, №39 мектептің 1 сынып оқушысы Трутов Роман, №43 мектептің 3 сынып оқушысы Долговец Руслан ие болды.

  Балнур өзінің «Адамгершіліктің ордасы - отбасы» бейнеролигінде спорттағы жетістіктері мен өзінің қызығушылықтары туралы айтты. Ол 10 жасында тхэквондо бойынша әлем чемпионы,11 жасында - Европа чемпионы атанды. Равиль жан-жақты дамыған бала. Өзінің «Менің отбасым - менің тірегім» бейнеролигінде ол өзінің тек оқудағы жетістіктері ғана емес, футбол бойынша да жетістіктерін көрсетті. Романның бейнеролигі позитив және ықыласпен зарядталған. Оның отбасы саяхатпен шұғылданады, Романның өзі ат  спортымен шұғылданады. Руслан спорттық-балл биі бойынша облыстық чемпионат жүлдегері, жүзумен айналысады. Қозғалыс және  спорт - оның отбасының басты ұраны.

   II орынға №1, 18, 19,23, 28, 33, 34, 37, К. Макпалеев, Б. Момышұлы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ оқушылары, III орынға - №1, 6, 14, 16, 17, 18, 19, 28, 29, 30,  33, 36, 37, 39, К. Макпалеев, Б. Момышұлы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ оқушылары ие болды.